Қанатын жайған «Жас қанат»

Қанатын жайған «Жас қанат»

Мамырдың 15-17-сi аралығында Астанадағы Конгресс-холлда жас орындаушылардың кезекті XVIII «Жас қанат» музыкалық байқауы өтеді. Байқауды Астана қаласының әкімшілігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азия дауысы» дирекциясы ұйымдастырып отыр.
Алматы қаласында 1992 жылдан бе­рі өткізіліп келе жатқан республикалық «Жас қанат» байқауы 2001 жылдан бастап елор­­дада өткізіліп жүр. «Жас қанат» – жас таланттарға қолдау көрсететін мем­­ле­кеттік жоба. Биылғы жылы бай­­қау­­­ға қатысушыларды іріктеу ұйым­дас­тырушылар үшін де, үміткерлер үшін де оңай­­ға соққан жоқ. Байқауға қатысуға ниет білдірген 60 жастың өтінішінің іші­­­нен жыл­дағы дәстүр бойынша, 13 үміткер таңда­лып алынды. Алайда алғашқы кезең­нен өт­к­ендердің өзі Конгресс-холда тірі дауыс­пен ән айтып, соңғы дайындықтан өт­­кеннен кейін ғана нақты бекітілмек. Осы­дан кейін байқауға қатысуға жол­да­ма ал­ған үміткерлер қатал төрешілер мен дүйім халықтың алдында үш кезеңнен тұ­­ратын сыннан өтеді. Байқаудың алғашқы күні жарыстан шеттетілетін төрт қатысушының тағдырын дауыс беру арқылы төрешілер шешеді. Екінші күні финалға шығатын бес қатысушы анықталады. Соңғы үшінші күні бес үміткердің ішінен негізгі жүлдегерлер – «алтын», «күміс», «қола» қанаттардың иелері белгілі болады.

Байқауға қатысуға жолдама алған «Жас қанат» үміткерлері:
Әсел Абдрахманова (Атырау), Гү­лия Айдарханова (Павлодар), Ер­­бол Ақба­сов (Орал), Алена Аллах­­вердиева (Петро­павл), Әлия Аюб (Алматы), Дуэт «Батыс» (Ақ­тө­бе), Төлеген Ғабдрахман (Астана), Тарас Жұмбаев (Орал), Таңат Жексенбаев (Батыс Қазақстан облысы), Азамат Ме­ке­баев (Аста­на), Melo'men тобы (Ал­маты), Әсем Омарова (Семей).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста