"Қамау керек": Қыдырәлі Болманов туды қорлаған Shiza-ға ең қатаң жаза қолдануды сұрады

"Қамау керек": Қыдырәлі Болманов туды қорлаған Shiza-ға ең қатаң жаза қолдануды сұрады

"Ирина Кайратовна" тобының концертінде мемлекеттік Туды қолына орап, қорлаған Shiza ең қатаң жазаға лайық. Әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың пікірі осындай. Оның пікірінше, мұндай сорақы жағдайдың орын алуы елімізде идеологияның дұрыс қалыптаспауынан. Тәрбие тал бесіктен, балабақшадан басталуы керек деген пікірді алға тартты ол. Бұл туралы Болманов Нартай Аралбайұлымен болған подкастта айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кешегі туды умаждап тұрған жігітті, оны жігіт деп те айтқым келмейді. Ол жігіт емес. Жігіт адам өзінің іс-қимылы мен сөзіне бала кезінен жауап беруі керек. Махамбет-Исатайлар, Бөгенбай-Қабанбайлар, Бекзат Саттарханов сияқты олимпиада чемпиондары көк байрағымызды көтеріп жүргенде, бұл умаждайтындай кім? Олимпиада чемпионы болу үшін кемі 15 жыл еңбетенесің, дайындаласың. Сөйтіп көк байрақты әлемнің көгінде көтересің. Оны қолынан түк келмейтін біреу алып, сахнада умаждайды", - деп ашуланды Болманов.

Продюсердің пікірінше, музыка жастардың санасын дұрыс қалыптастырудың немесе улаудың төте жолы. Ал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен концерттегі жағдайға үкіметтен бастап, бәріміз кәніліміз, дейді Болманов. 

"Біз Қытайда концертке қатыстық. Біздің әр әніміздің үтір-нүктесін қарап, төрт әнді алып тастады. Тек "Қарындасыма" деген бір ән өтіп кетті. "Еліңді ойлап" деген қайырмасында бүкіл зал болып жыладық. Ондай кезде олар есіктердің бәрін ашып, сарбаздар кіріп келіп, бәрін таратып жібереді екен. Бір айтқан сөзіңнен қате кетсе, тындың. Бұл идеология", - деді Болманов. 

Продюсердің пікірінше, Shiza лақап атымен танымал әртіске ең қатаң жаза қолданылуы керек. Себебі оның жазасын бүгін бермесе, ертең оның әрекетін қайталауға тырысатындар пайда болуы мүмкін, дейді ол. 

"Туды умаждауға болмайтынын бәріміз бала кезден білеміз. Бірақ ана баланың санасында болмай тұр. Оның қасында біреу айқайлап тұр. Бұл біздің ел емес, жын-жуырттың ортасы сияқты. Боқауыз сөздер төгіліп жатыр. Бетбақдалаға бар да, айқайлайсың ба, өзің білесің. Бірақ ертеңгі күні ана болатын қазақтың 13 жасар қыздарының миын улап, олардың көз алдында туды умаждау қылмыстың үлкені деп есептеймін. Қатал заңмен жазалау керек. Қамау керек", - деп мәлімдеді ол. 
 
STAN.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста