Қалижан ақынның есімі ардақталды

Қалижан ақынның есімі ардақталды

Жуырда Павлодар жерінде бүкіл аймағы­мызды, тіпті барша елімізді қуанышқа бөлеген ұлағатты той өтті. Өңірімізге алты Алашқа аты мәлім жыр дүлдүлдері мен көркемсөз зергерлері, қоғам қайраткерлері мен ұлт жанашырлары ат басын тіреді. Бұған халқымыздың аяулы перзенті, ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Қалижан Бекқожиннің 100 жылдық мерейтойы себеп болды.
Ақынның 100 жылдығына орайлас­тырылған мерейтойлық шара Павлодар қаласында Қалижан Бекқожинге арналған асқақ ескерткіштің ашылуымен басталды. Салтанатты жиынға республика мен облы­сымызға белгілі азаматтар, ақын-жазу­шылар, ақынның ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, шетелдік қонақтар, облыс және қала әкімшілігінің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен жастар қауымы атсалысты.
Салтанатты жиында облыс әкімі Ерлан Арын алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Қалижан Бекқожин – қазақ хал­қының көрнекті тұлғаларының бірі. ХХ ғасыр поэзиясында өзінің сүбелі мұрасын қалдырған жыр дүлдүлі. Оның шығарма­шылығында халқымыздың басынан кеш­кен толқымалы кезеңдер көрініс тапқан. Ана тіліміздің асқақтауына өлшеусіз үлесін қосқан өлең-жырлары – біздің әрдайым рухани нәр алатын қазынамыз. Мұндай асыл азаматтың мерейтойы оны дүниеге әкелген қасиетті туған жеріне де, барша елімізге де құтты болсын!» делінген Мемлекет басшысы жолдаған құттықтауда.
– Жерлесіміз Қалижан Бекқожин – әлем әдебиетінде өзіндік жолын қалып­тастырған елеулі тұлға. Ол шығарма­шылығын ерлік жолына арнап, шындық үшін өмір сүрді. Сонымен бірге шебер аудармашы ретінде танылып, ұлттар достығының нығаюына үлесін қосты. Бүгінде жерлестері ғана емес, бүкіл ел оны мақтан тұтып, жарқын тұлғасынан үлгі алуда, – деді Е.Арын өз сөзінде.
Тұлғасы ақындық шабытқа толы ес­керткішті ашу рәсімі ақынның жұбайы Зай­да апайға және ұлы Ерланға берілді.
– Қалижан Бекқожин өмірінің соңына дейін жүрегінде туған жеріне деген сүйіс­пеншілігін, сағыныш сезімін аялап өтті. Кереку-Баян өңіріне қатысты жақсы жаңа­лықты құлағы шалған сәттерде көңілі қуанышқа толатын. Міне, бүгін жерлестері оның жарқын бейнесіне құрмет көрсетіп, есімін қайта жаңғыртуда. Мен үшін бұл Қалекеңнің тіріліп келуімен тең болды. Әлі талай ұрпақ оның ескерткішіне көз салып, ақын жүрегімен табысқандай, сырласқан­дай болады. Сіздерге Жаратқан разы бол­сын! – деді жүрекжарды лебізін білдірген ақын ағамыздың өмірлік жары Зайда апай.
Ескерткіштің ашылу рәсімі сол күні С.То­райғыров атындағы Павлодар мемле­кеттік университетінде өткен «Қалижан Бек­қо­жиннің шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы» атты республика­лық ғылыми-тәжірибелік конферен­ция­сына ұласты. Оның пленарлық отырысында облыс әкімі Ерлан Арын, ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры, ақын­ның ұлы Ерлан Бекқожин, Қазақ­станның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Тұрсынбек Кәкішұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Исаев, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай, республикалық «Жұлдыз» жур­налының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Президенті баспасөз хат­шы­сының орынбасары, Ұлттық Ғылымдар акаде­миясының коррес­пондент-мүшесі Бауыр­жан Омаров және шетелден келген қонақтар қатысты.
Конференция барысында ақынның қазақ әдебиетіндегі орны, өз заманындағы тұлғалық портреті, шығармашылығындағы халық тіршілігінің көріністері жайлы ой-пікірлер айтылып, заманауи қазақ әдеби тілінің мәселелері қарастырылды.
Қалижан Бекқожиннің мерейтойына жиналған дүйім жұрт Павлодар қаласын­дағы ақын атындағы №12 мектепке аялдап, мұндағы «Қалижантану» орталы­ғы­ның тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ бұл күні Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде ақын рухына арналған ас беріліп, дұға бағышталды.
Бүгін мерейтой қонақтары ақынның кіндік қаны тамған жері – Баянауылдың Мойылды шатқалына да ат басын бұрды. Мұнда атақты жерлесіміздің есімін ұлықтау шаралары жалғасын тапты.
Қалижан Бекқожин – қазақ әдебиетін­дегі алтын дәуірдің ұлы ақындарының тұяғы. Оны жай ғана жазушы, ақын деп білу аздық етеді. Оның мол мұрасы – халқының өмір айнасы, сөз өнерін сусындатар қайнар бұлағы. Қалижан Нұрғожаұлының туған жері – Кереку-Баян өлкесіндегі ұлық той ақын тұлғасына көрсетілген биік құрметтің бір шоғыры ғана.
Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ, Қазақстанның Халық жазушысы:
– Жұрт менің Арал теңізінің жағасында дүниеге келгенімді жақсы біледі. Мұны айтқан себебім – сіздер, павлодарлықтар, бақыттысыздар. Арал айдыны тарылғаннан бері біздің жер аппақ сорға айналды, жаздың күні Бетпақдалада шелегі даңғырлаған қыз-келіншектер ауыз шаяр су іздеп зар болса, сіздер ұлы Ертістің суына шөл қандырып, Баянтаудан ескен самал желге еркелеп жүресіздер. Әр аттаған он қадам сайын ұлы перзенттер дү­ниеге келген, қызмет еткен киелі орындарға тап боласыз. Міне, бұл бақытты бағалай білу керек.

Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, әдебиет зерттеушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Кеше ғана Абылай ханның 300 жылдығына арналған тойда болып қайттым. Қазақты бір бүтін еткен көрнекті саясаткердің мерейтойы көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Бүгінде Керекуге жол тартып, осы тарихи тұлғаның халық жадында сақталуына елеулі үлесін қосқан көрнекті азамат – Қалижан Бек­қожин­нің 100 жылдығына шақыру алдым. Осы екі тұлғаның мерейтойлары бүкіл қазақ даласын шаттыққа бөлегені өмір заңдылығы, тарихи әділдіктің орнағаны деп білемін. Сіздер Қалижан ақынның жерлестеріміз деп шаттансаңдар, біз қазақ поэзиясының қайталанбас өр тұлғасымен замандас болдық деп мақтанамыз. Қазақтың тойы көп болсын, ағайын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста