Қалихан Ысқақ дүние салды

Қалихан Ысқақ дүние салды

Бүгін, тамыздың 11-і күні қазақтың әдебиеті мен өнері қара жамылды. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті драматург Қалихан Ысқақ 80 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Алаш айнасы ұжымы жазушының отбасы, ағайын-туысына, ел-жұртына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры, Аякөз, Қатонқарағай аудандарының құрметті азаматы.
1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген. 1952 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шықты. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді. Мәскеудегі екі жылдық сценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курсын бітірген соң сегіз жыл Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үшінші творчестволық бірлестікті басқарды. 1972 – 1995 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесшінің қызметін атқарды. 1998 жылдан Қазақстан М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімін басқарып, «Жұлдыз» журналында проза бөлімінің жұмысына араласты. Проза жанрында жазушының көптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық көрді: «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы.
Жазушының жекелеген повестері, әңгімелер жинағы мен романдары орыс тіліне аударылып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларында басылып шықты. Кейбір таңдамалы шығармалары тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех пен словен тілдерінде аударылды. «Ақсу – Жер жаннаты» романы 1992 жылы егеменді Қазақстан Республикасының тұңғыш Мемлекеттік сыйлығын алды. Ысқақ Қалихан драматургия жанрында да жиырмадан астам еңбек берді. Солардың барлығы да Республикалық, облыстық театрлардың сахнасына шықты. Басты – бастылары мыналар: «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым» . Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы үшін Ғ. Мүсірепов атындағы, «Алатау сынды алыбым» пьесасы үшін Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атанды. Ысқақ Қалихан кинодраматургия саласында да біраз туындылар берді. Оның сценариі бойынша жасалған толық метражды көркем фильмдер: «Сарша тамыз», «Ұшы – қиырсыз жол», «Күзет бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда» бүкілодақтық экранға шықты. Ысқақ Қалихан аудармашы ретінде де көпке танымал. Орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері қазақ тілінде Қ. Ысқақтың аудармасында жарық көрген. Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақов жүзден астам мақала очерктер жариялады. Қ.Ысқақ қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумның Құрмет Грамотасымен, «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған. Шығыс Қазақстан Қатонқарағай, Аякөз аудандарының құрметті азаматы. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Отбасы: жұбайы - Сқақова Дәметкен Акбарқызы, ұлдары - Абылай, Әлихан, қызы - Самал және алты немересі бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста