Қалдыбек Құрманәлі: Мен сүйген қыздар көп, олардың бірнешеуінен балам бар

Қалдыбек Құрманәлі: Мен сүйген қыздар көп, олардың бірнешеуінен балам бар

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі жеке өміріне қатысты құпияның сырын ашты. Ол өмірінде бірнеше рет ғашық болғанын, өзі сүйген қыздардың бірнешеуінен ұрпақ сүйгенін мойындады. Композитор отбасынан бөлек, қанша баласы бар екенін білмейтін болып шықты. Бұл туралы Құрманәлі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қалдыбек Құрманәлі жұбайымен 1997 жылы танысып үйленгенін айтады. Эльмира есімді жары композиторге 4 ұл, 1 қыз сыйлаған. 

"Эльмира менен 9 жасқа кіші. 4 ұл, 1 қыз туды. Бәрі менен туды деп ойлаймын. Қожаның қызы, түбі араб. Кейде маған: "Қалеке, қазақты, ұлтымды жақсы көрем деп әңгіме айтасың. Неге қазақтың қызын алмадың?" - дейді. Бүкіл қазақтың қызы менің қарындасым, қазақтың қызын қалай аламын?" - деді Құрманәлі. 

Композитор өмірінде бір-ақ рет үйленгенін атап өтті. Алайда үйленгенге дейін өзі ұнатқан бұрымдылардың көп болғанын растады. 
"Бәрінің аты-жөнін, қай қалада тұратынын білемін. Олардың бірнешеуінен балам да бар. Өз өмірім жайлы кітап жазып жатырмын, сол жерде бәрін айтамын. Жасыратын ештеңе де жоқ менде. Санаған жоқпын, оны есептеу үшін арнайы есептегіш құрал болмаса арнайы уақыт бөлу керек. Бұл менің жүргіштігім немесе қатынқұмарлығым емес", - деген Қалдыбек Құрманәлі мұның бәрі отбасын құрғанға дейін болған жағдай екенін баса айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста