Қаламгерлер студенттер арасында

Жуырда Сүлеймен Демирел университетінің Алматы облысы Қаскелең қаласындағы жаңа ғимараттың үлкен залында студент жастардың қаламгер­лер­мен кездесуі болып өтті.
Университет жастары шығармашылық жүз­десудің қонақтары Қазақстан Жазу­шы­лары одағының мүшелері жазушы, әде­биет­танушы-ғалым Нұрдәулет Ақыш пен ақын Кәдірбек Құныпияұлының шы­ғар­ма­шы­лығымен жақынырақ танысуға мүмк­ін­дік алды. Бұл басқосуға сондай-ақ белгілі қа­ламгерлер, Қ.Түменбай, Н.Ораз, Т.Тә­ше­нов, Д.Байтұрсынұлы, Г.Орда, С.Тойлыбай, А.Қалиева және бір топ ұстаздар қатысты. Уни­верситет ректоры профессор Месут Ақгүл мен проректоры профессор Дандай Ыс­қақ қонақтарды қабылдап, еңбектеріне жеміс тіледі. Кеш барысында қос қа­лам­гердің шығармаларынан үзінділер оқылып, шағын қойылым көрсетілді. Өз кезегінде кештің негізгі қонақтары Н.Ақыш пен К.Құ­ны­пияұлы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық бе­лесіндегі рухани дүниелерге қысқаша шолу жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Әдеби пікірталас түрінде өрбіген кез­десу барысында ақындар өз өлеңдерін оқып, студент жастардың да шы­ғар­ма­шылық ізденістерімен танысты.
Қазақстандағы білім беру саласында 1996 жылдан бері жұмыс атқарып келе жат­қан университет мұндай әдеби-таным­дық шараларды дәстүрлі түрде ұйым­дас­ты­рып келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста