Қаламгер есімі тақтаға жазылды

Елордада Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәкен Жүніс тұрған үйдің қабырғасына арнайы ескерткіш-тақта орнатылды.


Осы орайда кеше зиялы қауым өкілдері қаламгер тұрған үйдің жанына жиналып, осы бір игілікті шараға қатысты. Ескерткіш-тақтаның ашылу рәсімінде  қайраткер жазушының көзін көрген қаламдастары, әдебиеттегі өкшебасар іні-қарындастары мен жақын туыстары сөз сөйлеп, марқұм жайында жылы естеліктер айтты.
Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:
– Сәкен сері Нұрмақұлы – ХХ ғасыр­дың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі аса көрнекті, миллиондардың жүрегінен ойып тұрып орын алған ұлы қаламгерлер шоғырының бір өкілі. Ол кісінің қаламынан туындаған эпикалық-прозалық туындылар, драмалық шығармалар – біздің өнерімізге, мәдениетімізге, сол санатта ұлттық әдебиетімізге олжа салған дүниелер. Сондықтан ресми орындардың, жалпы ордалы қауымның жазушының соңғы күндері өткен, тұрған үйіне осындай ескерткіш-тақта орнатып жатуы өнерге, әдебиетке, дарынға деген үлкен құрмет деп бағалаймыз.

Ерте жасынан-ақ Сәкен сері атанған қаламгер ұлт әдебиетінің жаңаша қалып­тасып, дамуына өзіндік өлшеусіз үлесін қосқан. Жазушы кезінде «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған. Қалам­гердің «Аманай мен Заманай» романы  бойынша «Заманай» атты көркем фильм түсірілген. Оның «Ажар мен ажал», «Тұт­қын­­дар», «Жаралы гүлдер», «Қызым, са­ған айтамын», «Қос анар», «Әр үйдің ер­кесі», «Қысылғаннан қыз болдық», «Крос­сворд», «Елім-ай», «Сабалақ Абылай», «Сәукеле» және тағы да басқа пьесалары республи­калық және облыстық театрларда сахна­лан­ған. «Сонарда», «Әжем мен емші және дәрігер», «Кімнің мекені жақсы?» атты әң­гі­мелер мен повестер жинағы, «Жапандағы жалғыз үй» , «Ақан сері»  романдары жа­рық көрген. Көптеген шығармасы шетел тілдеріне аударылған.
Шараға қатысқан қаламгердің қарын­дасы Роза ханым ескерткіш-тақтаның ашы­луы қазақ халқы үшін зор мәртебе екендігін айта келе, туған-туыстары атынан қала әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы­на алғысын жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста