Қаламақы төлемеу кісі ақысын жеумен бірдей

Қаламақы төлемеу кісі ақысын жеумен бірдей

Бүгінгі қазақ қаламгері үшін шешілмеген мәселенің бірі – қаламақы. Кеңес өкіметі тұсында бұл жағы дұрыс жолға қойылған еді. Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында ұлттық әдебиетке деген мұндай қамқорлық байқалмайды. Әрине, жаңа заманның алдымызға қойып отырған жаңа талаптары бар. Нарықтың да қатал заңдылықтары алдымыздан шығуда. Дегенмен кез келкен мемлекет өз экономикасын алға сүйрей отырып рухани әлемінің өсіп-өркендеуіне көңіл бөлуі шарт емес пе?!
Кезінде ақын-жазушылар өз­­дерінің жазған шығармаларына, шы­ғар­­ған кітаптарына белгілі бір дә­ре­же­де қомақты қаламақы алып тұрды. Бұл ең алдымен қазақ әдебиетінің дамуына оң әсе­рін тигізді. Сол уақыттарда ұлттық әде­бие­тіміздің қорына талғамды дүниелер легі келіп қосылғанын жоққа шығармай­мыз. Шығармашылық еңбектің жоғары дең­гейде бағалануы қаламгер беделін өсір­ді. Кітап басу мен оны таратудың бір­тұтас жүйесі жұмыс істеді. Бұл қаламгер үшін де, оқырман үшін де олжалы іс бол­ды. Осындай игіліктердің қолға алы­нуы ақын-жазушылардың әлеуметтік жағда­йы­ның жақсаруына әкелді. Қалай десек те, бүгінгі қазақ қаламгерінің шығар­ма­шы­лық еңбегі бағаланбай отырғандығы шын­дық. Енді қайтпек керек? Тәуелсіздік ал­ғалы бері осы төңіректегі даулы мәсе­ле­лер әлі де шешімін таппай келеді. Басқа-бас­қа, жыл сайын мемлекеттік тап­сы­рыс­пен жарық көретін кітаптардың авторлары тиіс­ті қаламақыларын ала алмай жүретіні өті­рік емес. Ал заң бойынша интел­лек­туал­­ды меншікке өзіне лайық қаламақы төленуі тиіс. Бірақ бұл жағдайда заңның да күші мықтап байланып, шырмалған тү­йін­ді шеше алар емес. Жекеменшік бас­палар болса, авторға қаламақы төлеу ке­рек деп бас ауырта бермейді. Әсіресе, әде­­би ортада, баспасөз беттерінде жиі ай­тылып жүретін осы мәселеге қатысты жо­ғарыдағылардың жанашырлығы бай­қал­майды. Осыдан екі-үш жыл бұрын ха­лық қалаулылары тиісті орындарға арнайы са­уал тастап, елімізде авторлық құқықтың сақ­­талмай отырғандығын айтып, қала­ма­қы мәселесін көтеріп шырылда­ғандай бо­лып еді, ол да аяқсыз қалды. Бірақ қала­ма­­қы төлеуді толығымен мемлекеттің мой­­нына артудың да қажеті жоқ. Осындай әң­­гі­мелер қыза бастаған тұста билік тар­а­пы­нан қалай болған күнде де қаламақы мә­се­лесін түбегейлі шешу қажеттілігі атап өтіл­ген еді. Сонда «Бюджеттен жылма-жыл 200-300 млн теңге бөліп отырсақ, әде­биетшілердің қаламақы мәселесін то­лық шешеміз дей алмаймыз. Шын­ды­ғын­да, мемлекет тарапынан қаламақыны бел­­­гілеу керек пе, жоқ па деген мәселені кө­­терген орынды. Өйткені нарықтық за­ман­­да бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей белгілі бір азаматтарға қаламақы белгілеу басқа жүйеге көшумен бірдей» деген пі­кір­лер айтылған болатын. Әрине, қа­ла­мақы төлеудің бұрынғы жүйесіне көшейік деп отырған ешкім жоқ. Дегенмен оның бү­гінгі заман талаптарына сай, нарық заң­дарына икемделген бір баламасын таб­уға болады.
Көп жағдайда қаламгерлеріміздің өз­дері қажетті заңнамалық қағидаларды жі­ті білмей жатады. Қаламақы жағдайын ше­шуге ұмтылмас бұрын, алдымен жал­пы авторлық құқық мәселелерімен жақсы таныс болу қажет. Яғни өзіңнің пайдаңа жұ­мыс істейтін көптеген заңдардың әліп­пе­сін білген абзал.
Авторлық құқық
Интеллектуалды меншіктілік құқығы, тіркеу мен толтыру тәртібі Қазақстан Рес­пу­бликасының 1999 жылғы 16 шіл­дедегі «Па­тенттік Заңымен» жүйеленіп, өндірістік мен­шіктілікті пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты құрумен, құқықтық сақтау­мен жүр­гізіледі.
Интеллектуалдық меншіктілік
Бұл әртүрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интеллектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализа­ция құ­ралдарына теңесу, орындалған жұ­мыс­пен қызмет көрсету (тауарлық бел­гі, та­уар­дың шығарылу орнының атауы) нә­ти­­­же­сін­дегі айрықша құқық.
Авторлық құқық мыналарға беріледі:
•    Қазақстан Республикасының тер­ри­­то­­рия­­сында халыққа тарауға тиімді фор­­ма­да­ғы шығармаға;
•    автордың азаматтығына қарамай және оның құқық қабылдауына қарамай;
•    авторды Қазақстан Республикасының азаматы деп санайды;
•    авторды Қазақстан Республикасындағы халықаралық шарттарға сәйкес, шетелдің азаматтығы жоқ тұлғалар деп санайды.
•    шығарманың арналған бағытына, мазмұнына және мәртебесіне, сонымен қатар шығарманың тілі мен тәсіліне қарамастан, шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын ғылымның, әдебиеттің және өнердің шығармаларына.
Авторлық құқық берілмейтін дүниелер:
Жеке идеяларға, тұжырымдамаларға, принциптерге, әдістер мен жүйелерге, жаңалықтарға және фактілерге.
Егер шығарма өзге территорияда алғаш жарық көрген күннен бастап 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының территориясында жарияланған болса, ол Қазақстан Республикасында жарияланған болып табылады.
Авторлық құқық нысаны болып табылатын шығармалар:
•    әдеби шығармалар;
•    драмалық және музыкалы драмалық шығарма;
•    сценарийлік шығармалар;
•    хореографиялық және пантомимдік шығармалар;
•    мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
•    аудиовизуалдық шығармалар;
•    сурет, мүсіндеу, графика, басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары;
•    құрастырмалы өнер шығармалары;
•    сәулет, қала салу және бақшалы-саябақтық өнер шығармалары;
•    фотографиялық шығарма және соған ұқсас әдіспен алынған фотографиялық шығарма;
•    карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар,топография;
•    компьютерлік бағдарламалар;
•    туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалық өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері);
•    жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, дерек қоры құрастырмалы шығармалар).
Авторлық құқықтың нысаны болып табылмайтын шығармалар:
•    ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, басқа да заңдылық, әкімшілік, соттық, дипломатиялық сипаттағы мәтіндер, сол сияқты ресми аудармалар);
•    мемлекеттік рәсімдер мен белгілер (жалау, елтаңба, ордендер, ақша белгілері және басқа мемлекеттік рәсімдер мен белгілер) ;
•    халық творчестволық шығармалары;
•    ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.
Біріккен авторлық өнімдер:
•    бірігіп (екі немесе одан да көп) жазылған шығарма авторларына авторлық құқық бірдей беріледі, ол тұтас бөлінбейтін шығарма болып саналмаса да, оған қарамай әрбіреуі өз алдына өз бетіндік шығарма болып саналады.
•    әр автор өздері құрастырған шығармалардың бөлімдерін өз қалаулары бойынша пайдалануға болады;
•    шығарманы тұтас пайдалану құқығы авторлардың бәріне бірдей беріледі;
•    Авторлардың өзара қатынасы олардың өзара келісімімен анықталады. Егер шығарма біріккен авторды бөлінбейтін тұтас құраса, онда авторлардың біреуі шығарманы пайдалануға тыйым сала алмайды;
•    әр автор өз атынан, оның ішінде басқа авторлардың келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес, авторлық құқына нұқсан келсе шара қолдана алады.

P.S.
Елімізде ғылым, әдебиет және өнер туындылары, эфирлік және кабельдік, хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары, өнертабыс секілді интеллектуалдық шығармашылыққа жататын қызметке төленетін сыйақы мөлшері, негізінен, ҚР Үкіметінің қаулысымен белгіленеді. Алайда соның заңдық нормалары, авторлық құқық заңдылықтары мен кейбір құжаттамалар дұрыс ретке келтірілмеген. Сол себепті тиісті заңдарға сүйенейін десең, ол да солқылдақ болып шығады. Қалай десек те, қалам иесінің қаламақысын төлемеу – «кісі ақысын жеумен» тең. Сондықтан да аталған проблеманы мемлекеттің өзі тікелей шешіп бермей, айтыс-тартыстарға тоқтам болмайтын сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста