Әзірге қалалық мәслихат депутатына үміткер болып бастасам ба деймін.
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын мәжіліс депутаттығына үміткерлер қатарынан көруді қалайтын адамдардың қарасы көп. Ол өзіне жиі қойылып жүрген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мәжіліске неге бармайсың?” деген сұрақ маған да қойылды. Қайрекең жанымда болғанда қос қолдап қолдайтын еді. Ондай биікке дайын емеспін. Бірақ көмекке мұқтаж әйелдерге, жетім-жесірлерге, жалғызбасты аналарға келгенде көмектесуден аянбайтынымды өздеріңіз де білесізде. Әзірге қалалық мәслихат депутатына үміткер болып бастасам ба деймін. Қолдасаңыздар әрине”, – деп алдағы жоспарымен бөлісті.
Осы тұста желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі тележүргізушіге сенім білдірсе, енді бірі шоу-бизнес өкілдерінің саясатқа араласуына қарсы.
“Әрине, қолдаймыз. Сіз қанша адамға үлгі боп жүрсіз”, “Сәттілік”, “Әйелдер қауымының мұң-мұқтажының шешілуіне желеу болатыныңызға сенемін”, “Қолдаймын, көп мәселені шешер едіңіз”, “Депутат болмай-ақ көп жұмыс жасауға болады”, “Қолдамаймын. Өз жұмысыңызбен айналысып жүре беріңіз”, “Депутат болу оңай емес”, “Депутат болу мода болды ма?”, – деп пікір қалдырды желідегілер.