Қайраттың жұбайы ағыл-тегіл жылап, уайымнан тамақ ішпей қалатын күндерін еске алды

Өткен жылдың қазан айында алғаш рет жұрт назарына шыққан Қайрат Нұртастың жұбайы отандық шоу-бизнестегі танымал бикештердің тізімінде. 10 жыл бойы көпшілік көзінен тасада жүрген Жұлдыз Әбдікәрімоваға деген халықтың қызығушылығы да ерекше. Аздаған уақыт ішінде бірден жұрттың ыстық ықыласына бөленген актрисамен NUR.KZ тілшісі сұхбаттасқан болатын.

«Елдің қалай қабылдап жатқанын білмеймін. Бірақ өзімнің ортамда, таныстарым болсын, мектептегі балаларымның мұғалімдері болсын, сол кісілердің маған деген ойлары оң. Тілектері де оң! Олар маған жақсы баға беріп жатыр. Өнерде араласатын құрбыларым да бар, таныстарым да бар», - дейді Жұлдыз.

Көпшілік арасында Жұлдызға жағымсыз пікірлерді жазатындар да жеткілікті екен. Әсіресе Қайратпен қосыла ән шырқаған Әбдікәрімованы сынағандардың санында шек жоқ."Енді арасында сынап та жатқандары бар. Ол да дұрыс шығар. Мен ол кісілерге ерсі көрінетін шығармын. Әнші болып кетті деп ойлап жатқан болар. Бірақ мен әнші емеспін. Әнші болуды мен мақсат тұтқан жоқпын. Бұл тек қана Қайраттың жеке кешінде өнер көрсету. Дегенмен де әу демейтін қазақ жоқ қой. Мен актер мамандығын бітіргенмін. Кез-келген адам ән айтады деп ойлаймын», - дейді актриса.
Желіде Жұлдыздың өнеріне ғана емес, жеке өміріне де тіл тигізетіндердің қарасы көп. Ғаламтор қолданушылары: «Қайраттың танымалдылығы үшін тұрмысқа шықты» - деп кінәлайтын көрінеді. Ал көңіліне қаяу салған сынға Жұлдыздың жауабы дайын.

«Көбісі «Қайрат танымал болғаннан соң күйеуге шыққан шығарсың» - деп айтып жатады. Жалпы біз Қайрекең екеуміз 2007-ші жылы шаңырақ көтердік. Бірақ 2004-тен бері біз таныс болдық. Кездесіп жүрдік. Біз Қайрат екеуміз бірнеше жылдар бойы бір-бірімізді танимыз. Яғни біргеміз», - дейді Қайраттың жұбайы.
Әбдікәрімова алғашқыда әр сынға уайымдап, тамағынан ас өтпеген сәттері де жиі болыпты. Қазір кереғар пікір жазғандарға Жұлдыздың еті үйренген.

«Халықпен араласып тұрамын. Бірақ ішінде қатты кететіндері де болады. Басында мен жауап беретінмін. Алғашқыда ағыл-тегіл болып, «Ойбай, мен солай істеп қойыппын» - деп уайымдайтынмын. Бірақ қазір оған көңіл аудармайтынмын. Себебі олар өте көп. Әрбіріне көңіл аударсам, мен бала-шағамды ұмытып кететіндей жайтта боламын. Сондықтан әлеуметтік желілерде жазылатын жағымсыз ой-пікірлерге көп мән бере бермеймін. Айтатынымды, жазатынымды өзім жазамын», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста