Қайраткердің кітабы жарық көрді

Қайраткердің кітабы жарық көрді

Биыл Қазақ КСР-ның құрметті азаматы, кеңес заманының көрнекті қоғам және саяси қайраткері Сатыбалды Тотанов 85 жасқа толып отыр. Ардагердің мерейтойына орай Алматыда оның «Өткен өмір өткелдері» атты өмірбаяндық кітабы көпшілікке таныстырылды.
С.Тотановтың бұл кітабында оның ғұмыр жолы, оның ыстығы мен суығы, елден көрген жақсылықтары түгел баяндалады. Екі бөлімнен тұратын кітаптың алғашқы тарауларында Сатыбалды Құрманұлының кіндік кескен жері Атбасар өңірі жайлы, балалық шағында көрген қиындықтары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек жолы, кеңес заманында, Тәуелсіздік жылдарында атқарған істері, өзімен үзеңгілес болған қазақтың ардақты азаматтары туралы сөз қозғалады. Сонымен бірге  био-графиялық эсседе қазақтың ру-тайпалық шежіресі, кеңес заманында республикамыздың Министрлер Кеңесін басқарған Жұмабек Ташеновпен болған кездесулері, Ақмола өңірінің қамқор, аяулы азаматы Әубай Аханов жайлы жазған естеліктері де баяндалған. С.Тотанов кеңес жылдарында атқарған еңбектері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік пен батырлық көрсеткені үшін Ұлы Жеңіс орденімен, тәрбиеге, мәдениетке қосқан үлесі үшін тағы бірнеше грамоталармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста