Қайраткерді еске алу

Қайраткерді еске алу

Алматыдағы А.Чехов атын­дағы қалалық кітапханада көр­некті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жыл­дық мерей­то­йына арналған «Заманымыздың заңғар ұлы» атты әдеби-таным­дық кеш өтті.
Кітапханадағы кешке Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов, «Өлке» баспасының директоры, жазушы Мереке Құлкен, сатирик Нұртан Төлепберген, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреа­ты Аманхан Әлімұлы, Қонаев мұра­жайы­ның директоры Болысбек Батталха­нов, «Алматыкітап» баспасының вице-прези­денті Бүбіхан Баратқызы, Рес­пуб­ли­калық кітап мұражайы директорының орынба­сары Мәншүк Досқараева сынды белгілі тұлғалар қатысты.
Кеш қонақтары Димаш Ахметұлы жа­йын­да жылы естеліктерін айтып, ақындар жалынды жырларын оқырмандарға тарту етті.
Кездесу барысында М.Шахановтың «Жел­тоқсан эпопеясы» атты деректі жина­ғынан алынған «Қонаевпен сырласу» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап, негізінен, екі тұлғаның өзара диалогі ретінде өрбиді. Негізінен, Желтоқсан көтерілісін арқау еткен бұл кітапта ұлттық рух пен ана тіліміз­ге қатысты көптеген мәселелер қозғалған. Тұсаукесер рәсімінен соң кеш қонақтары мен оқушыларға және студент жастарға Д.Қонаев өмірінен сыр шертетін екі бөлім­нен тұратын кітап көрмесі ұсынылды. Көр­менің «Димаш аға ұлылығы» деп аталатын бірінші бөлімінде қайраткер тұлғаның балалық шағы, отбасы жағдайы, еңбек жолдары туралы еңбектер қойылса, «Ұлы адамдар ұмытылмайды» деп аталатын екінші бөлімде тұлғаның айтқан сөздері мен баяндамалары назарға ұсынылған. Кеш соңында М.Шаханов өзінің жаңа кітабына қолтаңбасын жазып, оқушылар мен студент жастарға табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста