Қайраткер қаламгер

Әйгілі қазақ жазушысы, қайраткер Әбіш Кекілбайұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды. Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында өткен жазушының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келіп, осы жаңалықты жалпақ жұртқа жария етті.

Сонау 1982 жылдың өзінде ХХ ғасырдың ең таңдаулы 100 жазушысының арасынан ойып тұрып орын алып, М.Шолохов, Б.Пастернак, Ш.Айтматов, Р.Ғамзатов, А.Блок қатарлы алыптармен аты қатар жазылған Әбіш бұл! Өзінің «жекеменшік» әлемі бар Әбіш бұл! («Әбіш әлемі» дейтін ұғымның қолданысымызға еніп, әдебиетке мидай сіңіп кеткелі қашан...) Әбекеңе деген ел құрметінің ерекше екенін залда ине шаншар орын болмағанынан-ақ көруге болар еді. «Әбіш Кекілбайұлының халқына бергенінен берері әлі де көп деп санаймын. Сондықтан да, бүгінгі той – тек
Ә.Кекілбайұлының ғана емес, күллі қазақ мәдениеті мен өнерінің, қазақ руханиятының тойы! Салтанатымыз жасасын, ардақты ағайын! Саңлақ саясаткер, тойыңыз тойға ұлассын!

Мен Ә.Кекілбайұлының халқы үшін атқарған қызметтерін, ерен еңбектерін ескере келе мынадай мәтіндегі Жарлыққа қол қойдым: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік, гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметтері, мәдениет пен әдебиетті дамытудағы айрықша үлесі үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін!», – деді Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. Зал толы қауым дүрілдете қол соғып, дән разы болғандарын білдірісіп жатты.

«Ең қиын-қыстау кезеңдерде Әбіш Кекілбайұлы менің қасымнан табыла білді. Ол қандай қысылтаяң шақта да дұрыс шешім қабылдайтын және сонысымен ылғи биіктен көрінетін», деп тәуелсіз мемлекетімізді қайта қалыптастыру жолындағы жазушы еңбегінің әсте аз болмағанын есіне алды Нұрсұлтан Әбішұлы.

Президенттің айтуынша, Әбіш Кекілбайұлы түрлі лауазымды қызметтерде жүріп мемлекет қайраткері деген атқа лайық әрі көпке үлгі бола білді, өзінің қаламгерлік қарымын шынықтыра беруден жаңылған емес. Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлын тек жазушы деп қарамау керектігін айтады. Ол әдебиетке аса сүбелі үлес қосумен қатар, тарихымыздың тар жол, тайғақ кешулі кезеңдеріндегі ең өзекті мәселелер төңірегінде өте дарынды публицист екенін көрсетті. «Әбекең қай қиырға салсаң да, қиядан көрінді, қай тереңге салсаң да, бойлатып та, ойлантып та шыға білді. Ойындағының орайын тапты, қай істе де қайраткерлік пен ерік-жігерінің үлгісін көрсетті. Мемлекеттік, қоғамдық қызметтің аласапыранында жүріп, қаламын одан әрі ұштай берді. Қазақ әдебиетін ғана емес, қазақ саяси ойлау жүйесінің жаңа белестерін қамтитын сындарлы толғаулар мен салмақты мақалалар жазды. Ел мен жердің бүгіні мен ертеңі туралы көсілген ой, көсемсөз арнады. Ел тағдырын, дін тағдырын, діл тағдырын ұштастырған ұлағатты пікірлер мен ұрымтал ойлары жұрттың жүрегіне жетті», – деді ол.

Өзіне сөз берілгенде Әбіш Кекілбайұлы Мемлекет басшысынан дәл «Қазақстанның Еңбек Ері» секілді үлкен сыйлықты күтпегенін айтып, разылығын білдірді: «Бүгінгі кеште көрсеткен пейіл, ықыласыңызды Алла қабыл көрсін. Жұрт алдында аз-кем еңбегімді көптей көріп, аса жоғары бағаладыңыз. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, омырауыма күміс қададыңыз. Бұл аса зор баға, биік құрметтің басқа мемлекеттерде қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда біздің елімізде бұрынғысынша ардақталып, құпталуда. Бұл үшін туған елімнің алдында шексіз қарыздармын... Мен мұндай жоғары атақты күтпеген едім. Елбасымыз Н. Назарбаев мен туралы өте жақсы сөздерді көп айтты. Дегенмен мен әрбір қазақтың тәуелсіз мемлекетті дамытуға күш қосуын қасиетті парыз санаймын», – деді мерейтой иесі.

* * *

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылғы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысына қарасты Оңды ауылының Мырзайыр дейтін жерінде дүниеге келген. Арғы атасы Қожаназар Жаңайұлы қазақтардың көшін Маңғыстау түбегіне бастап келгендердің бірі деседі. Ел ішіне аса беделді әрі дәулетті адам болған. Кейін осы қара шаңыраққа ие болып қалған Жаманқұл өзінің немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы осы Оңды жерінде қайтыс болған екен. Арада санаулы жылдар өткенде белең алған асыра сілтеу, қуғын-сүргін Кекілбайға ауыр соғады. Туған жерден жырақ кетуге тура келеді. Тек 1937 жылы елге оралар мүмкіндік табады. Алайда көп кешікпей екінші дүниежүзілік соғыс басталады да, 1942 жылы Кекілбай майданға аттанады. Соғыста үш рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы да осал адам болмаған. Бүтін бір елді аузына қаратқан от ауызды, орақ тілді бидің қызы. Ел аузында Айсәуле әже туралы аңызға бергісіз әңгімелер көп айтылады. Маңғыстау жұрты өз әжелеріндей жақсы көрді. Айсәуле әже десеңіз, білмейтін жан кемде-кем.

Осындай отбасында дүниеге келген жазушы, қайраткер Әбіш мектеп қабырғасында жүріп-ақ әдебиетке құмартыпты. 1957 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. Осы жылы ол Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі. Оқуды бітірмей, соңғы курста жүріп-ақ еңбек майданына араласты. «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші болды. 1962-1965 жылдарда «Лениншіл жаста» бөлім меңгерушісі болып істеді. ҚазКСР Мәдениет министрлігінде, «Қазақфильм» студиясында, партияның Орталық Комитетінде, Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды. ҚазКСР мәдениет министрінің орынбасары, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, Жоғарғы Кеңестің төрағасы, Мемлекеттік хатшы қатарлы жоғары лауазымдық қызметтерді атқарды. Қазір Парламенттің Жоғарғы палатасында, сенатор. Шығармашылық жолын ең алдымен өлеңнен бастады. 1962 жылы «Алтын шуақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы шықты. Ол кезде Әбекең жиырманың үшеуінде ғана болатын. Небір сүзгіден, електен өткен өлеңдер ғана жинақ болып шығатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста