Қайрат Нұртасты да түсінуге болатын шығар. Елдің сөзі оңай ма? Жекпе-жек жобасынан кейін әлеуметтік желідегі Қайраттың намысына тиетін пікірлер қаптап кеткен. Әнші өзінің сыртынан сөз айтып, сынағандарға жауап беріпті.
«Құрметті ағайын, қазір Өскемен қаласындамын. Инстаграмда көңілге тиетін сөздер көп айтылып жатыр. Бірақ қарап отырсаңыздар, мені жамандаған адамдардың барлығы ешкім оқымайтын, ешқандай суреті жоқ аккаунттар.
Тіпті, бір адам оларға жазылмаған парақшалар көбейіп кеткен. Оларға біреулер ақша беріп, әдейі мені жамандатқызып отыр.
Сондықтан сондай парақшаларға сенбеңіздер, ағайындар! Жақсылық болсын»
– дейді Қайрат.
Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда