Қайрат Нұртас әділ жеңді ме - көрермен пікірі екіге жарылды

Қайрат Нұртас әділ жеңді ме - көрермен пікірі екіге жарылды

 "Хабар" арнасындағы "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасы аяқталды. Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Дастан Оразбеков және Мархаба Сәби финалға шығып, қорытындысында Қайрат Нұртас жеңімпаз атанды, деп жазады Today.kz.

Осыған орай желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бағдарламаның модераторы болған Мейрамбек Бесбаевтың парақшасына "әділ өтпеді" деп жазып жатқандардың қарасы көп. Желі қолданушылары жеңіске Қайрат Нұртасты лайықсыз санауда. Бұған Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекованың да айтары бар.

"Әр адамда әр түрлі пікір болады, еш қарсылығым жоқ. Бұл "Жекпе-жек" бағдарламасында мықтылардың мықтылары болды, бөліп-жаруға болмайды. Тек айтарым: кір іздеген адамға мін табыла береді, шегі жоқ, мейлі сен мықты бол, төмен бол бәрібір. Егер Қайрат жеңімпаз болмаса, әнекей осы уақытқа дейін 10 жыл саxнада емес, қой бағып жүр екен дегендей айтылар еді. Ал жеңімпаз болып еді, негізі әділдік болмады деп өсектей салу тағы бар. Тіптен сатып алған деушілер де жоқ емес. Сол кісілерге айтарым: Қайрат жеңісті сатып алатын болса, ертең сол адамдарға не бетімен қарар еді? Қайратты біз тек мейірімділік пен қарапайымдылыққа, адал еңбекке тәрбиеледік. Бірақ сол еңбегімізді үйде отырып алып, жоққа шығара салып, кейбіреулердің қалай ұйқылары тыныш болар екен деген ой мазалайды," - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Today.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста