Карантин жоқ па?
Әнші Айқын Төлепберген еліміздегі шектекулерге қарамастан Шымкентте концертін өткізбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жаңалық жайлы әнші желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады.
«Алақай! Алғашқы концерт Шымкент! Түркістан сарайы. Көптен күткен кеш!», - деп жазып, тыңдармандарын шығармашылық кешіне шақырды.
Концерттің 14 наурызда өтетінін білген желі қолданушылары шулап қоя берді. Бірі оған сәттілік тілесе, енді бірі әншіні сұрақтың астына алды. Мәселен олар, коронавирустың таралуына байланысты елдегі ахуалды алға тартты.
«Карантин жоқ па?», «Концертке кім рұқсат берді?», «Құдайың беріпті ғой. Ең көп уайымдаған сен едің, киноң шықпай, концерт, той болмай...», «Движуха басталды дейсің ғой, қысқасы! Молодцы протоколдардың шаңын сүртіп даярлап қою керек болды ғой дим сірә...», - деп те мысқылдады.