Танымал әнші Зарина Омарова 15 күн бұрын пластикалық операция жасатқан. Өнер иесі қабағын тартқызып, көзін үлкейткен. Яғни, блефаропластика жасатқан. Әнші мұндай қадамға төмен түскен қабағын қайта көтеру үшін барған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Осылайша Зарина көптен бері іске аспай жүрген арманын орындады.
Мен 20 жасымнан бері көзіме операция жасатуды армандайтын едім. Бірақ, қатты қорқатынмын. 15 күн бұрын көптен бері іске аспай келген арманымды орындадым, — дейді Зарина Омарова.
Әнші пластикалық операция жасатқанын ашық айтпаса да, бұны қарапайым халық байқаған.
Қайырымдылық концертте ән салғанда халық бірден біліп қойды. Негізі мен асығыс сахнаға шығып кеттім. 15 күннің ішінде көзімнің айналасы толық жазыла қойған жоқ. Әлі де ісік бар, — дейді әнші.
Зарина блефаропластиканы 300 мың теңгеге жасатқан. Қазір әнші бес бірдей ән жазып жатыр. Жақында "Шынайы сүй" атты әнін көпшілікке ұсынбақ.