ПЕН-клуб үздіктерін анықтады

Жексенбі күні Алматыдағы Достық үйінде Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Еліміз­дің зиялы қаламгерлер қауымы және мәдениет пен өнер саңлақ­тарының басын қосқан мерейтойлық жиын барысында бірқатар ақын-жазушыға аталған шығармашылық ұйымның беделді марапаттары мен арнайы шығармашылық сыйақылары табыс етілді.
Қазақтың көрнекті қаламгері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов негізін қалап, басшылық ететін Қазақ ПЕН-клубы осы уақытқа дейін ұлттық көркем әдебие­т­тің заманға сай қалыптасып дамуына ай­тар­лықтай ықпал жасап келеді. Еркін сұх­бат пен пікіралмасу түрінде ұйымдасты­рыл­ған салтанатты жиын басында Ә.Нұр­пейісов құттықтау сөз сөйлеп, аталған клуб­тың құрылу тарихы мен 20 жыл­да атқарған іс-шараларына қысқаша шолу жасап, әдебиет туралы көркем ойларын ортаға салды.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған көр­нек­ті жазушы Смағұл Елубай клуб мүше­ле­рінің шығармашылық потенциалының жоғары деңгейде екендігін тілге тиек етіп, ұйымның дәстүрлі сыйақылары мен ес­керт­кіш белгілері иелерін және ерекше атап өтуге тұрарлық лауреаттар тізімін жа­рия етті. Биыл ұйымның атқарушы орга­ны­ның шешімімен еларалық рухани қарым-қатынастардың жандануына ай­рық­ша үл­ес қосып, әдебиет саласында сіңір­ген ең­бе­гі үшін ресейлік көрнекті әдебиетші, жа­зу­шы-аудармашы Николай Анастасьев­ке Михаил Дудин атындағы орден тапсы­рыл­ды. Н.Анастасьев өз еңбектерінің бір парасына қазақ ақын-жа­зу­шыларының, оның ішінде Ұлы Абай­дың және заманымыздың шебер суреткері Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашы­лығын арқау еткен. Соны­мен қатар белгілі жазу­шы, публицист Би­гелді Ғабдуллинге орыс тілінде жазылған «Вели­кое ко­чевье» («Ұлы көш») тари­хи роман-эссесі үшін ПЕН-­клубтың М.Әуезов атын­да­ғы медалі қомақты сыйақысымен бірге табыс етілді. «Ұлы көш» авторына да сый­лықты ұйым төрағасының өзі тап­сырды.
Мерекелік жиынның басты оқиғасының бірі – ұйым төрағасы, қабырғалы қазақ қа­ламгері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Мәде­ниет саласының үздігі» медалімен мара­пат­талуы. Үкіметтің қаулысымен жаңа та­ғайындалған бұл сыйлықты Әбекеңе ПЕН-клубтың 20 жылдық мерейтойына арнайы келген еліміздің мәдениет және ақпарат министрі, әдебиет пен өнер жанашыры Дар­хан Мыңбай табыс етіп, құттықтау сөз сөйледі.
Дархан Мыңбай, ҚР мәдениет және ақпарат министрі:
– Қазіргі нарық жағдайында елімізде үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар қата­ры көбейіп келеді. Олардың көбінің аты бар да, заты жоқ. Дегенмен, шын мәнін­де, өз бағыттары бойынша жұмыстарын жол­ға қойып, нәтижелі істерге қол жеткі­зіп келе жатқан ұйымдар аз да болса бар. Солардың ішінде Қазақ ПЕН-клубы­ның атқарып жүрген жұмыстарына жо­ға­ры баға беруге болады. Жалпы, кез кел­ген мемлекет үкіметтік емес ұйым­дарға белгілі бір дәрежеде қолдау біл­діріп отыруы қажет. Өйткені мемлекеттің дер кезінде атқара алмай жатқан кейбір істерін осындай қоғамдық ұйымдар өз мойнына алып жатады. Қалай десек те, мемлекет бірінші кезекте әдебиет, руха­ният, өнер мәселелерін арқау етіп, жазу­шы мен өнер адамының мүддесін қор­ғай­тын қоғамдық ұйымдардың дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар ту­ғы­зуымыз қажет. Қолына қалам ұс­таған жандардың сөздері арқылы біз ұлттық тұр­ғыда ойлай алатын жас ұрпақты тәр­биелеп, жал­пы, халықтың рухани са­на­сын жетілдіре түспекпіз.

Осы сыйлықтарды тапсыру рәсімінен кейін клубтың өткен жылдарда кейбір мү­ше­леріне белгілі бір себептермен берілмей қалған М.Әуезов атын­дағы медаль мен сый­ақылар табыс етілді. Ол­ардың арасын­да марқұм Зейнолла Қаб­доловтың жары Сәуле Қабдолова, Төлен Әбдіков, Шериаз­дан Елеукенов, Асанәлі Әшімов, Дулат Иса­беков, Смағұл Елубай сынды көрнекті қаламгерлер бар. Бұдан соң ұйымның өзі­нің кейбір мүшелеріне тағайындайтын арнаулы стипендия­лары­ның биылғы ие­герлері – Адольф Арци­шевский, Қажы­ғали Мұхамбет­қа­лиев, Сейдахмет Құтты­қадам, Саты­балды На­рым­бетов, Қуандық Түменбай, Сұлтанәлі Балғабай, Бақытжан Қанапиянов, Анато­лий Ким, Аслан Жақ­сылықов, Ислам Же­ме­ней, Үміт Тәжіке­нова, Дидар Амантай, Амангелді Кеңші­лік­ұлы сынды белгілі ақын-жазушылар мен мәскеулік қаламгер Евгений Сидоров­ты марапаттады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста