Патриоттық әндер жаңармай тұр

Патриоттық әндер жаңармай тұр

Шекара да, шеп те талға­май, уақытпен бірге өмір сүріп, адамзат баласымен бірге жасасатын бір ғажап нәрсе болатын болса, ол – ән. Ән – көздің нұры, көңілдің сыры. Сонымен бірге ол – мық­ты идеологиялық қару да.
Ойлап тұрсақ, кезінде қаншама ұрпақ «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!» деп отқа да, оққа да тартынбай кірді, «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқап, тыңға түрен салды, қиыр шеттегі алып құрылыс­тарға аттанды. Осынау жанқиярлық әре­кеттерге жігерлендірген, жұртты бір кісідей жұмылдырған, әрине, үгіт-насихат. Ал пат­риоттық әндер сол үгіт-насихаттың күшін еселеп, ықпалын арттыра түсті. Бұдан шыға­тын қорытынды – елдің рухын кө­теріп, азаматтық белсенділігін арттыру тұр­ғы­сынан алғанда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор. Бір анығы, мұндай әндер сол бұрынғы кездегідей бүгін де ерекше бағалы. Тіпті алдымызда егемен елдің мәртебесіне сай ерікті, намысты, қажырлы да қайсар ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұрғанын ескерсек, бұл мәселенің қазір қаншалықты өзекті екенін сезіне түсеріміз анық.       
Дей тұрғанмен де бүгінгі эстрадада патриоттық бағыттағы әндер өте аз.
Н.Тілендиевтің «Менің елім», Ә.Еспаевтың «Туған ел», Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» сияқты көп жыл бұрын жарыққа шыққаны­на қарамастан, құнын жоғалтпай келе жат­қан бірегей шығармаларымен деңгейлес дүниелер жоқтың қасы. Рас, Ж.Дәулеттің «Қазақтай ел қайда?», Е.Құдайбергеновтің «Қа­зақтың жігіттері», Е.Зейіпханның «Көк ту­дың желбірегені» іспетті тыңдарман жүре­гіне жол тапқан бірен-саран әндер бар. Бірақ үлкен-кіші бірдей іліп алып ке­тіп, жаппай айтып, ауыздан түспей жүрген дүниелерді кездестіру қиын. Осы орайда тыңдаушының намысын жанитын, елжан­дылығын, ұлтжандылығын арттыратын жігерлі әндер неге азайып кетті деген сұрақ туындайды. Жұрттың бұл орайдағы пікірі де әр алуан. Біреулер «Қай заманда да патриоттық әндер ел тарихындағы үлкен оқиғаларға байланысты туған. Мы­салы, ақтабан шұбырынды кезінде «Елім-ай» шықса, ұлт-азаттық көтерілісі бары­сында Махамбеттің өр рухты жырлары дүниеге келді. Сол сияқты Ұлы Отан соғысындағы майдан даласында Рамазан Елебаев «Жас қазақты» шығарды. Қазір ондай әндер шығаратын уақыт та емес, оған сұраныс та жоқ» десе, енді біреулер «Ақындар рухты өлеңдер жазбай кетті, бүгінгі поэзия махаббатты, көңіл күйді жырлаудан әріге аса алмай жатыр, соған орай әндер де сол төңіректен шықпай қалды» дегенді айтады. Әрине, кейбір әндердің нақты бір жағдайға байланысты дер кезінде шығып, дүйім жұртты дүр сілкіндіретін жағдайлардың болатынын жоққа шығармаймыз. Мысалы, Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты қас-қағым сәтте жазылып, ертесіне-ақ бүкіл Одақтың ұранына айналып шыға келген «Священная война» әнін білмейтін адам жоқ. Алайда бұған қарап бейбіт заманда патриоттық ән жазылмайды деген түсінік тумауы керек. Туған еліне, жеріне деген отан­сүйгіштік сезімді жас ұрпақтың сана­сына сіңіру үшін де тәрбиелік мәні зор шығармалар туғызуға тырысқан абзал. Бұл ретте әнге лайықты мәтін жоқ деген де – жай сылтау. Жарайды, бүгінгі өлеңдер жылауық-ақ болсын. Бірақ бізде өр рухты поэзияның Мұқағали, Қасым, Жұмекен мен Жұбандар қаламына тиесілі қаншама мол қоры бар! Басқа-басқа, тап осы ақын­дардан Отан, атамекен, жер-су, достық, адалдық, адамгершілік хақындағы өлең­дер­дің түр-түрі табылады. Бірақ біз оны білмейміз, дұрысы, іздемейміз, ізденбей­міз. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, патриот­тық әндердің тек мәтіні ғана емес, әуені де соған сай рухты, жігерлі болса, тыңдарман көңіліне тез қонады. Мәселен, былтырғы жазғы Олимпиада кезінде Қазақстан спорт­шыларының айы оңынан туып, Қазақ елінің Әнұраны Лондон төрінде қайта-қайта әуелегені есімізде. Кейіннен ғалам­тор­дағы блогқа шетелдіктердің бірі: «Қа­зақ­стан Әнұранының жағымды екені сон­­шалық – тіпті құлағымда жатталып қал­ды. Қазір мен де оны ыңылдап айтып ж­ү­ретін әдет пайда болды» деп жазғаны бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – пат­риоттық шығармалар бізге бүгін ауадай қажет. Өкінішке қарай, кейінгі жас компо­зиторлар да, жас әншілер де бұл мәселеге аса ден қоймай жүр. Бұлай жалғаса берсе, қашанға дейін кешегі аға буын тудырып кеткен теңдессіз әндерді талғажау етеріміз тағы белгісіз. Отансүйгіштік пен елжанды­лық, ұлтжандылық рухын ән арқылы сіңіруге, асқақтатуға деген құлшынысты арт­тыру үшін не істеуге болады? Мүмкін, бү­кіл еліміз үшін патриотизм жылын арнайы жариялау керек шығар?..  

Қанат ҮМБЕТОВ, әнші:
– Ең бірінші, өтімді ән жеңіл-желпі той әндері болса, екінші, бізде жылаңқы әндер дә­уір­леп тұр, оны қаласақ та, қаламасақ та мойындауға мәжбүрміз. Осы екеуінен басқа ешбір ән дәл бүгінгі қоғамда өтпейді. Өзіңіз де көріп жүрсіз ғой, бізде қандай бір әнші ана не әке, Отан туралы айтып, әні хит болып жатыр ма? Тек бір ғана патриоттық әнді  айта алар едім хит болды деп, ол – Ибрагим Ескендірдің Ермұрат Зейіпханның «Көк тудың желбірегені» әні. Осы жағынан алғанда, ән, шынында, қазір тауарға айналды. Әншілер «осы әнім хит бола ма, хит болмай ма?» деп жаздырады. Ал кезінде Нұрғиса, Шәмші секілді ағалары­мыз­дың әнін тауар деп айтуға тілім бармас еді. Олардың бәрі – жүректің әні. Өкінішке қа­рай, бүгінде жастар арасында ол кісілердің есімі мен әнінің бағасын білетіндер азайып барады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста