Пәтердің ақшасына кино түсірілді

Пәтердің ақшасына кино түсірілді

Елімізде балаларға арналып түсірілген «Әнші болғым келеді» атты музыкалық комедия фильмінің тұсаукесері болып өтті. Фильм сценарийінің авторы және қоюшы режиссері Данияр Саламат. Кинотуынды идеясының авторы және бас продюсері Алтын Маханбетова.
Қазақ баласына арналған туындыларды түсіріп жүрген Данияр Саламаттың бұл алғашқы туындысы емес. Бұған дейін ол балалар мен жасөспірімдерге арналған «Әкем екеуміз», «Бәйтерек» фильмдерін түсірген болатын. Әнші болғысы келетін бас кейіпкерді 10 жасар Әйгерім Мерген­бай ойнайды. Оқиға Әйгерімді футбол десе ішкен асын жерге қоятын 10 жасар Жасұланның жақсы көріп қалуы, осыған орай Әйгеріммен бірге студияға барып ән салып жүрген досы Ақжанның екеуін таныстыру бағытында жасаған күлкілі іс-әрекеттері төңірегінде өрбиді. Қазақтың ән өнерін насихаттап, балаларға музыкалық тәрбие беріп жүрген Алтын Махамбетова: «Бұл туынды үшін екі бөлмелі пәтердің ақшасын сарп еттім. Балаларымыз шетел­дің құбыжық мультфильмдерін көреді. Ал ұлттық музыкамызды дәріптейтін кинолар аз болғандықтан, осы туындыны қолға алдық», – дейді. Фильмге сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының  лау­реа­­ты Рахман Омаров пен Кенжебек Шай­қа­қов, Бауыр­жан Ордин сияқты өзге де өнер шеберлері түскен. Балалар аталмыш фильм­ді сәуір айынан бастап еліміздің барлық кинотеатр­ларынан тамашалай алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста