Өзін-өзі тапқан әнші – ең бақытты әнші

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ерлан Рысқали, дәстүрлі әнші:

31 қазан күні сағат 18:30-да Алматы­дағы Жам­был атында­ғы Мем­ле­кет­тік филар­мо­ния залын­да дәстүр­лі ән өнері­нің өкілі, талант­ты әнші, бір­неше республи­калық, Халық­аралық байқау­дың лауреаты Ерлан Рыс­қалидың жеке ән кеші өтеді.

– Ерлан, жуырда ғана Ресейдің Буря­тия еліне барып, жеке концерт пен күйден шеберлік сабақтарын беріп қайтыпсыз...
– Иә, Бурятияның Улан-удэ қаласында өткен «Еуразия дауыстары» атты халық­а­ралық фестивальға қатысып қайттым. Фес­тиваль аясында дүниежүзі халықтары­ның ұлттық музыкасының проблемалары көтерілген конференция, әр елден келген өнерпаздардың 45 минуттық жеке кон­церттері мен ұстаздардың шеберлік сы­нып­тары өтті. Қазақ елінің атынан жалғыз өзім барғандықтан, әнді де айттым, ұстаз ре­тінде шеберлік сыныбын да бергенім рас. «Еуразия дауыстары» ұлттық музы­кант­тар арасындағы әлемге кеңінен таны­мал, аты­шулы фестиваль екен. Оны ға­лам­тордан оқып біліп, барғанда анық көз жеткіздім. Біз одан бейхабар екенбіз. Ма­ған ұсыныс жасаған Әсия Мұхамбетова мен Гүлзада Омаровадай музыкатанушы ғалымдар болды. Дәстүрлі әнімізді өзге ел­ге паш ететін осы сынды фестиваль, кон­кур­стар туралы біздің Мәдениет және ақ­парат министрлігі хабардар етіп, өнер­паз­дарды жіберіп отырса, музыканттың кә­сі­би дең­гейінің өсуіне әсер етер еді. Біз­дің ұлттық классикалық дүниелерімізге де­ген көз­қарасымыз әлі де болса оңалмай тұр. Мені «дәстүрлі әншілердің концертіне би­лет жетпей қалып, аншлагпен өтетін күн қа­шан туар екен?» деген ой мазалайды кейде.
– Соңғы үш жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясында дәстүрлі әннен сабақ беріп келесіз. Өз шәкірттеріңіз де жетерлік, басқа ниет білдірушілерге ән үйретесіз бе?
– Құдайға шүкір, жеті шәкіртім бар. Олардан бөлек, өзге оқу орнында оқитын жас әншілер де баршылық. Ешкімнің бетін қайтарғым келмейді. «Қазақтың әнін үй­ренем» деген қаракөздің бетін қайтаруға менің хақым да жоқ. Олар керемет әнші боп кетпесе де, ертеңгі күні әнді дұрыс үй­рететін ұстаз, құрығанда, қадірін білетін тың­даушы болуы тиіс. Өз шәкірттерімнің ішінде дәстүрлі әнді мүлдем білмей, тү­сін­бей, келер жылы актерлік, эстрадалық во­калға ауысуды ойлап, «ең бастысы, грант­қа түссем болды» деп келгендері қаншама. Мен оларға бірден дәстүрлі әндерді үй­ретпеймін. Себебі бұрын дәстүрлі әнді орын­дамаған, домбырамен жеңіл әнді ғана айтып жүргендер үшін қағысы, орындалу ерекшелігі күрделі дәстүрлі ән қиынға со­ға­ды. Олардың дауысын қою қажет. Бірақ әнді жете түсінбейінше, «әнші болам» деу – бос әурешілік. Сол себепті студент әнді то­лық түсініп, ұлттық музыкаға деген ма­хаб­баты туғанша, бірнеше сабақ ән туралы дәріс оқимын. Жүсіпбек Елебековтің өзі шәкірттеріне әуелі ән туралы кітаптар мен шығармалар оқытқан екен. Дәстүрлі әнді жаттап алып орындау аздық етеді. Сал-се­рі­лердің тағдырын өз басыңнан кешкен­дей, жан дүниеңмен сезініп, түсініп айтпа­саң, әнде мағына, әншіде тыңдаушы бол­майды. Қазір «өзге мамандыққа ауы­са­мын» деген шәкіртте­рімнің кеткісі жоқ, мықты дәстүрлі әнші болғысы келеді. Ар­мандары асқақ, көп әнді бірден үйреніп ал­ғысы келеді. Бірақ толыққанды әнші бо­лып қалыптасу үшін, әрине, уақыт керек.
– Шәкірттеріңізді ән байқауларына қосып, еңбегіңіздің жемісін көріп жат­қан боларсыз?
– Өз шәкірттерім биыл бірінші рет бай­қауға қатысты. Жақында ғана Қараған­ды­да өткен Ж.Елебеков атындағы дәстүрлі әншілердің республикалық байқауында Біржан Бәзілжанов есімді шәкіртім дип­ломант атанды. Ал тікелей менде оқымаға­нымен, әннен сабақ алып жүрген Жақсы­келді Маясаров осы жарыстың бас жүл­де­сін иеленсе, Жасұлан Мұсағалиев А.Сей­дімбеков атындағы арнайы сыйлықты қан­жығасына байлады.
– Студенттерге әннің табиғатын тү­сіндіру үшін алдымен ән туралы дәріс оқитындығыңызды айттыңыз. Өзіңіз әншіліктің қыр-сырын қаншалықты меңгеріп, түсіндім деп айта аласыз?
– Осы уақытқа дейін осы сұрақты өз-өзіме қойып келдім. Әншіліктің қыр-сырын толық игердім бе? Әнді дұрыс ай­тып жүрмін бе? Сұрақтарға жауапты бертін келе таптым. Қанша жерден халықтың сү­йікті әншісіне айналып, сахнада халықтың табан астында сұраған әнін шырқасам да, көкейімді тескен сұрақтар көлденең тар­тып тұратын. Өзіңіз білесіз, менің ән айту мәнерімді тыңдаушы біраз уақытқа дейін Бекболат ағаға ұқсатты. Дәл қазір ешкімге ұқсамаймын, бірінші – Алла, екіншіден, ты­нымсыз дайындалғанның арқасында өзімді-өзім таптым деп айта аламын. Мұ­ны кез келген адам байқамауы мүмкін. Ән мен әншінің жанын түсінген адам, кәсіби музыканттар ғана тани алады. Еркеғали Рахмадиев ағамыздың осы уақытқа дейін айтқан әніме көңілі толмай келді. Осы жазда тыңдап, риза болып, батасы мен ақыл-кеңесін берді. Өзін-өзі тапқан әнші – ең бақытты әнші.
– Былтыр күзде берген концер­ті­ңіз­де орындайтын әндеріңізден мәлі­мет беріп, тарихын баяндап отырдыңыз. Бұл жолы қалай болмақ?
– Әннің тарихын айтып, тыңдаушы білуге тиіс мағлұматтарды әңгімелеп оты­ру – кешімнің басты мақсаты. Жәнібек Кәр­менов бастаған игі дәстүрді жалғауды парызым деп білемін. Онсыз да тыңдау­шы­ға жарымай жүрген дәстүрлі ән мен күйге мұндай көмек қажет. Біз «қазақтың әні мен күйін сүйіп тыңдамайды» деп жас­тарды жазғырамыз. Бәлкім, олар ән мен күй туралы түсінігі аз болғандықтан, тың­дамайтын болар. Ұлттық мұрамызды тың­дата білу – өнерпаздардың, ақпарат құ­рал­дарының ғана міндеті емес. Бала тәр­бие­леп отырған ата-ананың да міндеті. Ұяда тыңдаған музыка құлақтан еш уа­қыт­та кетпейді. Сондықтан мен баба аманатын арқалап жүрген соң, әнімді айтып қана қой­май, қазақтың әнін зерттеп білуге, білгенімді тыңдаушыға айтуға міндеттімін. Менің концертімнен шыққан әр адам, ең болмаса бір әнге қатысты бір тың мағлұ­матты көкейіне түйіп қайтса, қазақ өнері үшін қосқан үлесім сол болар еді.
– Әңгімеңізге рақмет. Қазақтың ән өнеріне талмай еңбек ете беріңіз. Ке­шіңіз табысты өтсін!
– Әумин!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста