"Өзім кеттім, өзім келдім": Жуырда ажырасқанын мәлімдеген отандық әншілер қайта қосылды

"Өзім кеттім, өзім келдім": Жуырда ажырасқанын мәлімдеген отандық әншілер қайта қосылды

Әлеуметтік желіде танымал жас жұбайлар гитарист Ақсұңқар мен Арайлым Әбілсейіт бұдан бірнеше ай бұрын ажырасқандарын мәлімдеген еді. Алайда күні кеше олар қайта қосылып, татуласқандарын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде отбасы мен жеке басының проблемаларын жалпақ жұртқа жария ететін жұлдыздар аз емес. "Хайп" қуып, түрлі мәлімдемелер жасау үрдісі елдегі шоу бизнесте кеңінен таралған. Сондықтан, былтыр ғана шаңырақ көтеріп, елді сүйсінткен жас жұбайлар ажырасып кеткенін естігенде желі қолданушылары не сенерін, не сенбесін білмей дал болғаны ел есінде. Олардың бұл әрекеттерін жұрт "хайп" деп бағалап, жастардың әрекетіне сенімсіздік танытқан-ды. Бұл ретте қос әнші екі жаққа кеткендері рас екенін дәлелдеп баққан. Енді, міне, күні кеше ғана желі жұлдыздары қайта қосылғандарын айтып, Instagram-дағы оқырмандарын қуантып тастады. Бұл туралы Арайлым Әбілсейіт желіде жазба қалдырып, жолдасының шаңырағына өзі қайта оралғанын айтты.

 "Отбасының қадірін түсіне алмағаным үшін қатты өкінемін... Мен Ақсұңқармен қайта қосылуды ең дұрысы деп санадым! Онсыз маған өмір жоқ екенін, еркектің әйелден бір саты жоғары тұру керек екенін, әйел адам еркек сызған сызықпен жүру керек екенін осы жолы қатты ұғындым! Әйелдің бақытты болуы - екінші отбасын бақытты етуінде екен! Қатты өкінемін Шымкенттегі отбасымды тастап кетіп қалғаныма! Өзім кеттім, өзім келдім! Екінші отбасым тарапынан маған тағы бір мүмкіндік беріліп, Алланың қалауымен біз біргеміз. Ұғынғаным: Алматы емес отбасым артық екен. Алланың өзі кешірімді ғой! Қателіктерім үшін мені кешіріңіздер! Бұдан кейін қайталанбауына кепілдік беремін", - деп жазды ол. Бұл жазбадан кейін Ақсұңқар да ерекше жазба жазып, елді елең еткізді. Айтуынша, Арайлымның өзі қайтып келу туралы шешім шығарып, тіпті анасынан да кешірім сұрапты.  "Адамның емес Алланың дегені болады! Бүгін Алматыдан Шымкентке келіп, осындай тосынсыйға тап болдым! Мен Алматыда жүргенде бұл кісі екі күн бұрын өзі Шымкентке келіп анамнан, үйдегілерден кешірім сұрап, барлығын реттеп қойыпты! Алладан үлкен емеспіз! Барлықтарыңыз қосылғанымызды қаладыңыздар ғой! ИншАллаһ бәрі жақсы болсын! "Хайп, хайп" дейтін адамдарға айтарым бастарыңызға түспесін бұл жағдай! Ешкім "Ажырасамын" деп қосылмайды! Шынымен де бұлай болады деп ойламап едім! Алланың қалауымен қайта біргеміз! Батыл қадамын бағалаймын!" ,- деп жазды ол. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста