Өткен тарихқа тың көзқарас қажет

Халқымыздың Тәуелсіздікке жету жолы тым ауыр болды. Тамыры терең тарихтың өзі бұған куә. Араға сан ғасыр салып қазіргі қазақ елі бабалар аманатын жүзеге асырып, ғасырлар тоғысында көк байрағын көкке көтеріп, азаттығын әйгіледі. Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Жетісудың арасындағы ұлан-ғайыр далаға иелік еткен қазақ егемен ел ретінде жаңа дәуірді бастау үшін қаншама қырғын мен қаралы нәубетке ұшырады?!

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Алаштың ұлы даласына көз алартқан империяшылдардың жымысқы пиғылы мен қантөгісі көп солақай саясаттың кесірі­нен ұлтымыз қисапсыз шығынға ұшырады. Тарихшы ғалымдардың келтірген дерек­те­ріне сүйенсек, өткен ғасырдың бастапқы ке­зеңінің өзінде қазақ даласында «қызыл террор» деген жаман атқа ие болған қуғын-сүргін мен коллективтеніру салда­ры­нан қазақ миллиондап қырылып, мал-мүлкінен тып-типыл етілген.
Сол бір зұлматты 1929-31-ші жылдары қазақтардың күшпен тәркілеу және ұжым­дас­тыру саясатына қарсы наразылық көте­рілістерінің саны 372-ге дейін жеткен. То­та­литарлық жүйеге қарсы болған осындай көтерілістер өрті еліміздің барлық аймақ­та­рында тұтанған. Себебі өкімет тарапынан болған түрлі қысымдар мен тәркілеулер, ша­мадан тыс мөлшердегі салықтар мен «жаптым жала, жақтым күйе» сынды жа­зық­сыз әрі сорақы жазалаулар – қаймана қазақтың қарсылық танытып, жаппай кө­те­ріліске шығуына алып келді.
Еркіндік пен елдік жолындағы үш ғасыр жалғасқан ұлы күрестердің соңы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі екендігінде дау жоқ. «Мұз үстіне алау» жандырған сол кездегі қазақ жастарының рухы – қазақ халқының ұлттық езгіге қарсы үздіксіз күресінің заңды жалғасы еді.
Қалай десек те, бүгінгі ғылыми орта, жал­пы, қоғам болып ұлтымыздың тари­хын­да Тәуелсіздік үшін болған жүздеген ұлт-азаттық көтерілістер мен халықтық қоз­ға­лыстарды сараптап, саралап отыруы қа­жет. Осы орайда кеше Алматыдағы Ұлт­тық кітапханада ҚР Жо­ғары оқу орын­дары қа­уымдастығы жә­не ҚР Ұлттық кітап­хана­сы­ның ұйымдасты­руы­мен Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тә­уелсіздік күніне орай «Қазақ көтерілістері: әлеуметтік себептері және саяси сабақ­та­ры» атты ауқымды ғы­лы­ми-тәжірибелік кон­ференция болып өтті.
Тартысты өткен талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі тарихшы ғалымдар, ақын-жазушылар, желтоқсан­шылар, жас ізденушілер мен ақпарат құ­рал­дарының өкілдері қатысты. Конферен­ция алдында қазақ көтерілістерінің тари­хынан мол деректер ұсынған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлт тарихында орын алған қанды қыр­ғындар жайын қозғап, өткенге тың көз­қа­распен қарауға үңілуге шақырған бұл жи­ында ғалымдарымыз салмақты баян­дамалар жасап, тақырыпқа орай пікір та­лас­тырды. Аталған шараның негізгі ұйым­дастырушысы ҚР Жоғары оқу орындары қа­уымдастығы болғандықтан, конферен­ция жұмысын осы қауымдастық президенті Рахман Алшановтың өзі ашып, жүргізіп отырды.
Рахман АЛШАНҰЛЫ, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, конференция модераторы:
– Тарихымызды түгендеуге ұмтылған мұндай жиын елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтыр ҚР Жо­ға­ры оқу орындары қауымдасты­ғы­ның ұйытқы болуымен Алматыда «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» тақы­рыбында республикалық ғылыми конференция өткізілген болатын. Сол конференцияда талқыланған мәселе­лер­дің желісі бойынша «Қазақ көтері­лістері және азаттық мұраты» атты жинақ та әзірленіп, басылып шыққан. Айтылған ойлар, ортаға салған дерек пен дәйек тарихи сананы оң қалыптастыруға септі­гін тигізсе, оқу-тәрбие үдерістерінде қол­да­ным тапса, ұлттық тарих ғылымы­ның бүгінгі жаһандану мен бәсеке үде­сінен шыққаны деп білеміз.

Осы орайда биылғы жиынның мате­риалдары да алдағы уақытта арнайы жинаққа топтастырылатындығын атап өткім келеді. Бұған қоса, жоғары оқу орындары қауым­дастығы атынан қазақ көтерілістері тарихын тың көзқараспен тереңірек зерттегісі келетін ізденуші жастар мен үлкен ғалымдарға тиісті қаржы бөліп, ғылыми еңбегін кітап етіп шығарып беруге дайын екендігімізді жеткізгім келеді.
Конференцияның ашылу сәтінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов пен «Нұр-Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов сөз алып, Қазақ тарихындағы ұлт-азаттық қоз­ғалыстарды, көтерлістер мен оқиғаларды саралау, ғылыми қалыпқа салу және жұрт­шылық арасында оған қатысты қандай да бір сұрақ тумайтындай оларға қатысты бір тоқтамға, пікірге келудің уақыты келген­дігіне тоқталды.
Бұдан кейін қазақтың ұлт-азаттық көте­рілістері тарихын зерттеп-зерделеп жүрген Қамбар Атабаев, Болатбек Нәсе­нов, Са­ғат­бек Медеубекұлы, Жетпіспай Нұрлан, Рашид Оразов, Жұмабай Құлиев сынды ғалымдар мен қаламгерлер бірінен соң бірі терең талдауларға негізделген баянда­малар жасады.
Баяндамаларды талқылау барысында, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Ораза­лин, жазушылар Смағұл Елубай, Ахметжан Ашири, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы, Желтоқсан қаһарманы Гүлбаһрам Жүніс сынды белгілі тұлғалар Алаш жұртының азаттық жолындағы кү­рес­терінің маңыздылығына тоқталып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Конференцияда өткен қазақ жеріндегі жаппай қуғын-сүргін мен аштық, тың игеру сынды қазақ тарихын басқа арнаға бұрып жіберген зобалаңдар мен Сырым Датұлы көтерілісі, Қарқара көтерілісі, Адай көтерілісі, Созақ көтерілісі, Бетпақ­дала көте­рілісі, Кеңгір көтерілісі, Абыралы көте­рілісі мен Тәуелсіздікті жақындатқан Жел­тоқсан көтерілісі жайында кеңінен сөз болып, осы төңіректерде қордаланған мәсе­лелерге ғылыми талдаулар жасалынды.

Р.S.
Жиында айтылған ойлардан түйгеніміздей, бүгінде өткен тарихымызға таза ғылыми тұрғыда сараптама жүргізу жағы кемшін, тарихшы ғалымдардың арасында да айтарлықтай пікірлер алшақтығы бар. Бұған қоса, кешегі отаршыларға қарсы соғыстар мен Алаш қозғалысының тарихы, қала берді Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі де тарихи-ғылыми тұрғыда толыққанды зерделене қоймаған. Әрине, тарихты ақтару үшін ұзақ уақыт керек. Дегенмен жиынға қатысушылардың айтуынша, егер де мемлекет тарапынан осы мәселелерге барынша көңіл мен тиісті қаржы бөлінсе, арғы-бергі мұрағаттардағы деректерді жинақтап, үлкен зерттеулерге жол ашуға мүмкіндіктер ашылмақ. Олай болса, бұл, ең алдымен, Тәуелсіз елдің келешек ұрпағы үшін аса бір құнды дүние болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста