Отандық танымал әнші шетелге көшіп кетті: Джамба елден не үшін кетіп бара жатқанын айтып берді

Отандық танымал әнші шетелге көшіп кетті: Джамба елден не үшін кетіп бара жатқанын айтып берді

Көпшілікке "Джамба" лақап атымен танымал қазақстандық әнші Жәмилә Хан отанынан біржолата көшті. Шығармашылығындағы жаңалықтар, Қазақстаннан көшу себебін әнші Stan.kz тішісіне берген сұхбатында айтып берді.

- Жәмилә, шығармашылығыңызда қандай өзгерістер бар, немен айналысып жатырсыз?

 
- Қазіргі уақытта менде шығармашылық үзіліс. Біріншіден, карантинге байланысты. Екіншіден, елден көшіп жатқаныма байланысты. Алайда мен шығармашылық жолымды шетелде жалғастырамын.

- Қазақстаннан қайда және қандай себеппен көшіп жатырсыз?

- Отбасыммен Солтүстік Кипрге көшіп жатырмыз. Біз теңіз жағасында өмір сүруді шештік, жоспарлар көп, қазір біз жаңа елге үйренісуіміз қажет. 

- Бір сұхбатыңызда отбасылық мәселелерге байланысты қиын кезеңдерде болғанын айтыпсыз. Осы ауыр кезеңдерді қалай өткердіңіз?

- Әкем қайтыс болғаннан кейін отбасым қиын жағдайды бастан өткерді, жеке өмірімде де оңай болған жоқ: жұбайыммен ажырастым.

Ең бастысы - жақындардың қолдауы, сонда бәрі ойдағыдай болады. Менің жағдайымда жұмысым тығырықтан шығарды. Мен көп жұмыс істедім, шығармашылықпен айналыстым. Әрине, демалып, сергіп тұрудың қажеттілігін де ұмытпаған жөн. Медитация, тауға шығу, күнделікті жүгіру және достарыммен серуендеу маған жақсы көмектеседі.

Алға ұмтылуыма, дамуыма мотивация беретін адам - ұлым. Балаға ең жақсыны ұсынғым келеді. 

- Мемлекет еліміздегі әртістердің шығармашылығын қолдау мен дамытуға жеткілікті көңіл бөледі деп ойлайсыз ба ? Өзіңіз осы уақыт аралығында қоғам, аудитория тарапынан жеткілікті дәрежеде қолдауына ие бола алдыңыз ба?

- Маған қолдау жеткіліксіз болды. Соңғы уақыттары маған "форматың сай келмейді" деген пікір көп айтылды. Енді шетелде қаншалықты сәйкес, сәйкес емес екенімді көреміз. Мемлекеттен ауыз толтырып айтатын қолдау жоқ. Біз бәрін өзіміз жасаймыз: клип түсіру, ән жазу, костюмдер, ротация - әркімнің өз қалтасынан төленеді. Бұл тұрғыда көптеген әртіске қиын. Ал карантинде мүлдем барлық өнерпаз жұмыссыз қалды. Көмек те болған жоқ.  

Кейбіреулері мамандықтарын өзгертіп, көкөніс сатып, такси жүргізіп ақша тапты. "Заманың қасқыр болса, түлкі боп шал" деген осы екен.

- Жақындарыңыз көшу туралы шешіміңізді қалай қабылдады?

- Соңғы уақытқа дейін ешкімге айтпай жүрдім. Тек ең жақын адамдарға білді. Сондықтан көшетінім жайлы айтқанда, көп адам таңғалды. Маған басқалардың пікірі маңызды емес, біз отбасымызбен солай шештік. Көп адам тек шетелге шығарда ғана білді. Шынымды айтсам, өте қуаныштымын. Бәрі жақсы болатынына сенеміз. Мен кез-келген нәрсемен айналыса алатын адаммын: шаралар ұйымдастыруда, рәсімдеуде тәжірибем бар, сән салоным бар, бет әрлеуші курсы, ән айта аламын, би билей аламын. Осы қабілетімнің бәрі жаңа орында пайдасы тиеді деп ойлаймын.

- Алғашқы белесті қалай бағындыра алдыңыз? Жетістік ұғымын қалай бағалайсыз?

Менің мансабыма алғашқы серпін берген "Ғашык жүрек" фильмі болды, онда мен жағымсыз кейіпкерді сомдадым. Содан кейін мені барлық жерде тани бастайды. Атақ дегеннің не екенін сонда ұқтым.

Мен үшін жетістік - бұл адамның  ішкі күйі, сезімі. Сіз өзіңізді 100%-ға сенімді сезінген кез. Сен өзіңді жақсы көресің, дамисың, өзіңе инвестиция жасайсың, адамдар осыны бағалайды. 

- Өз шығармашылығыңызды қай жанрда ұсынып жүрсіз және осы бағыттың қандай қиындықтары бар?

- Мен өзімді "попса" жанрында сынап көрдім, ал соңғы "Шакалака" альбомы R&b және рэп стилінде шықты. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болды және менің оған көңілім толды.

Барлық жерде өзінің жағымсыз, қиын тұстары бар және бұл қалыпты жағдай. Мен үшін ең бастысы - сүйікті іспен айналысу және оны сапалы  орындау. Одан кейінгісін көре жатармыз.

- Музаканттардан кімді тыңдайсыз?

- Мен шетелдік музыканы тыңдаймын. Бізде қазір бірдей деңгейде тоқтап тұр. Менің ойымша, өздерін шетелде сынап көретіндер жұлдызға айналып жатыр. Оның ішінде талантты Димаш, керемет Данелия Төлешова бар. Қазір Ресейден біздің қанша әртіс көтерілді.

- Өмірлік ұстанымыңыз бен миссияңыз қандай?

- Өзіңе сену, өзіңді сүю. Мен әрдайым позитивте жүретін адаммын. Мен шығармашылық пен сахнаны жақсы көремін және адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау сыйлау менің міндетім деп ойлаймын. Лайым, солай болғай!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста