Отандық рок жүйріктерін анықтайтын марапат тарихта қалады

Желтоқсанның 2-сінде Алматы қаласының басты сахнасы – Республика сарайында Қазақстанның рок-музыка саласындағы тұңғыш ұлттық жүлдесі табыс етілетінін еске саламыз. Бұл Tengri FM радиосының мұрындығы­мен отандық рок-музыкаға көрсетілетін қолдаулардың ең үлкені болмақ және бұдан былай дәстүрлі әрі ауқымды шараға айналады. Бізге рок-марапат жайлы Tengri FM радиосының жүргізушісі Сергей Майборода толығырақ айтып берді.

– Сергей, бүгінгі қазақстандық рок­тың дамуы қалай?
– Өкінішке қарай, біздің рок орын­даушылар осы күнге дейін өз туындыларын жертөледе, аядай ғана бөлмелерде, ша­ғын студияларда жазып жүрді. Оларды көбі аса тани қоймайтын. Бүгінде олардың есімдері біртіндеп танылып келеді. Шығар­малары да жаман емес. Көпшіліктің көңі­лінен шығып жатыр. Мысалы, біздің радио осындай орындаушыларды қолдау және қазақстандық рокты дамыту мақ­сатында еңбек етіп келеді. Менің ойымша, дәл қа­зіргі мезгілде қазақстандық рок шарық­тап дами бастады. Рок-орын­даушылардың көп­шілікке көрсетер өнері әлі бар. Әлі та­лай туындылар жарыққа шықпай, шаң ба­сып жатыр.
– Оқырмандарымызға тұңғыш рок-марапат жайлы айтып берсеңіз. Жүлдеден қанша орындаушының үмі­ті бар?
– Tengri FM радиосы ашылғалы бері қазақстандық рок-музыканттарды қолдап, олардың есімдерінің кеңінен танылуы мен шығармашылығының дамуына ықпал етіп келеді. Біздің радио 2010 жылдың 24 ақ­панында 107,5 жиілігінде іске қосылып, сол жылдың күзінде «Тенгри биігінде» жо­басы жарыққа шықты. Бұл жоба аясында отандық рок-музыканттар шығармаларын радиоға жіберіп, өздерін таныстыра бас­тады. Радиодан олардың композиция­ла­рын тегін беруге мүмкіндік беріп келе­міз. Екі жыл ішінде радиоға Қазақстанның түк­пір-түкпірінен 3000-нан астам туынды жі­берілді. 150-ден астам рок-орын­дау­шының ішінен ең үздік деп танылғандары жобаға қатыстырылып, радио ұйым­дас­тырған рок-концерттерде өнер көр­сетті. Енді, міне, нағыз жүйріктердің есімін елге таныстырудың сәті туып отыр. Сол себептен үздіктерді анықтап, Қазақстанның рок-музыка саласындағы тұңғыш ұлттық жүл­десін өткізгелі жатырмыз. Рок-орын­дау­шылардың қатысуымен үлкен кеште үздіктердің есімі аталады, оларға жүлделер табысталады. Rock Award тарихта қала­тын ауқымды іс-шара деп айтуға болады.
– Рок-марапат қандай аталымдар бойынша беріледі?
– Қазылар алқасы жүлделерді «Ең үздік вокал», «Ең үздік поэзия», «Ең үздік трек», «Ең үздік аранжировка» аталымдары бойынша табыстайтын болады. Сондай-ақ «Ғаламтор таңдауы» атты арнайы аталым жеңімпазын тыңдармандар «В контакте» әлеуметтік желісіндегі Tengrifm.kz бетінен дауыс беріп анықтайды. Қазақстан сахнасында 10-15 жылдан аса уақыт өнер көрсетіп жүрген рок-музы­канттар «Рокқа адалдығы үшін» аталымы үшін өзара сайысқа түседі. Ал қалған­дарының ірік­теліп алынған шығар­малары қазылардың бағалауына жібе­ріледі. Содан кейін олар өзара дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайтын болады. Қазылар құрамында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова бастаған бір топ қазақстандық сарапшы және Ресейден «СерьГа» тобының жетек­шісі Сергей Галанин, «Город 312» тобының әншісі Светлана Назаренко, «Максидром», «Нашествие», «Чартова Дюжина» фес­ти­валь­­дерінің ұйымдас­тырушысы, продюсер Андрей Матвеевтар бар.
– Қазақстандық рок-жүлде үшін сайысқа түсетін орындаушыларды атап айтсаңыз.
– Күні кеше жүлдеге қатысатын 16 рок-орындаушының есімі анықталды. Көптің ішінен Motor-Roller, Blues Motel, «Суб­культура», Fridays, «Жантик-Бэнд», «Май­ОлиКа», Paradox, Sugarfree Blues, «Әсем», Nissa J, iFLY, Chance 2 Dance, Some Toir, Cry Baby, Tishina, «Па Кампасам», Che Francisco, Jazz Voda, Angry Ants, «Лабастерхэб», Hadn't tea топтары іріктелді. Бұл топтардың бәрі «Тенгри биігінде» жобасында өнер көрсетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста