Өрмекші адам қазақша сөйлейтін болды...

planeta-kino.com.ua сурет

Біраз жыл бұрын біз үшін сырттан келген фильмдерді қазақша «сөйлету» мүмкін емес жағдай секілді көрінетін. Өйткені шетелдік фильмдерді қазақша дубляждауға қай жағынан алсақ та мүмкіндігіміз аз болды. Айталық, аудармашы мамандар, дубляж актерлері, редакторлардың жетіспеуі, қала берді қаржы мәселесі қазақ көрермендеріне фильмдерді қазақша көруге мүмкіндік бермеді. Алайда «қалауын тапса, қар жанады» демекші, соңғы жылдары еліміздің кинотеатрларында голливудтық фильмдер қазақ тілінде көрсетіле бастады. Таяуда, яғни сәуірдің 24 жұлдызынан бастап еліміздің кинотеатрларында кезекті шетелдік фильм "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" қазақ тілінде көрерменге жол тартпақ. «Алаш айнасы» оқырмандарын осы және басқа да голливудтық блокбастерлердің қалай қазақшаланатыны қызықтыратын болар?.. Ендеше, киноға кекттік....  
2009 жылы «Мәдениет туралы» Заңға «прокат фильмдерінің тілі» атты жаңа бап енгізуге қатысты Парламентте мәселе көтерілгеннен кейін әйтеуір қатып қалған сең қозғалды. Сонымен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізге шетелден әкелінген барлық фильмдер қазақ тіліне аударылуы тиіс деген талап қойылды. Осы уақыттан бастап «Меломан» компаниясына шеттен әкелінген фильмдерді қазақшалау жүктелген болатын. Алайда жылына елімізге сырттан келетін 150-200-дей картинаның бәрін қазақша дубляждау мүмкін емес жағдай. Дегенмен елімізде шетелдік фильмдердің қазақшалануы баяу болса да әйтеуір жүзеге асып жатыр.
Қазақ тілінде дубляж жасалған алғашқы фильм – «Көліктер-2». Одан кейін «Қара киімділер-3», «Өрмекші адам» (жаңа нұсқа), «Батыл жүрек» және «Жалғыз рейнджер» фильмдері қазақша «сөйледі». Енді міне, "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" деген атаумен тағы бір фильм қазақ тілінде дубляж жасалды, енді көп ұзамай жаңа блокбастер 3D форматында прокатқа шығады.
Картинаны қазақ тілінде дубляждау жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталған. Одан кейінгі айларда фильмді өндіруші студиямен келісімшарт жұмыстары одан ары жалғасты, дауыс сынақтары өтті. Картинадағы кейіпкерлердің дауысын дыбыстаған актерлердің сынағы Алматыда ақпан айында өткен еді.  Актерлердің дауысын Қазақстанға арнайы келген Sony Pictures компаниясының дубляж мамандары бекітті. Фильмдегі бас кейіпкер  Питер Паркердің дауысын театр және кино актеры Мерей Әжібеков, Гвен Стейсиді Әлима Қайырбекова, Максвелл Диллонды Азамат Қанапия дыбыстады. Қазақша дубляждың режиссеры Әйгерим Оңалбек. Ол бұған дейін "Возвращение в А", "Жүрегім менің - Астана" және "Қара киімділер-3" картиналарымен жұмыс істеген.
Блокбастерде Питер Паркер (Эндрю Гарфилд) Өрмекші адамның бетпердесін киіп, әлемді зұлымдардан құтқаруға тырысады.  Ол бос уақытын өзінің сүйіктісі Гвенмен (Эмма Стоун) өткізеді. екеуі мектепті бітіріп, үлкен өмірге аяқ басады. Питер Гвеннің әкесіне қызына қауіп төндірмеу үшін оның өмірінен кетуге сөз берген. Алайда осы сөзінде тұру оған оңайға түспейді. Питердің жолында оған жаңа қарсылас Электро (Джейми Фокс) пайда болады. Сондай-ақ ол ескі танысы Гарри Озборноммен (Дейн ДеХаан) кездесіп, өзінің отбасының өткені туралы біраз мағұлмат алады.
"Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" картинасы "Болашак" ассоциациясы,  "Алтын Кыран"  қайырымдылық қоры және MARWIN компанияларының қолдауымен қазақ тілінде дубляждалды.
Әйгерім ОҢАЛБЕК, дубляждың режиссеры:
– Шетелдік фильмдерді қазақша дубляждау өте күрделі екені көзі қарақты адамдарға белгілі. Өйткені қазіргі заманның тіліне әбден бейімделген фильмдерге қандай көркем аударма жасасақ та, көрермен қабылдамауы мүмкін. Сондықтан голливуд актерының қазақ тілінде сөйлеп тұрғанына сендіретіндей аударма және дубляж болуы керек. Ал  аударма тілі қазіргі заманға сай, қысқа, шапшаң, түсінікті болуы тиіс. Ең алғашында бізге аударма мәтіндерін түзейтін кәсіби редакторларды табу қиынға соқты. Жақсы редактор болмаса, аудармадағы әр сөздің дұрыс баламасын табу оңай емес. Қазіргі таңда Тұрыс Сәукетай, Салтанат секілді жас редакторлармен жұмыс жасап жүрміз, олар әбден үйреніп қалды. Әдетте біздің қазақша аударма ұзын-сонар болып, мағынасы да келіңкіремей жататын. Қазір редакторларымыздың жемісті еңбегінің арқасында біршама жетістіктерге жеттік.  Жалпы шетелдік фильмдерді, оның ішінде анимациялық фильмдерді дубляж жасау өте күрделі. Тіпті білімді, тәжірибелі, дауысы әдемі  актерлердің өзі кейде дубляж жасай алмауы мүмкін. Рөл ойнау басқа да, синхронға ілесу, дауыс ырғағын, интонациясын келтіру екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан қазіргі таңда біз дубляжға әбден төселген актерлермен жұмыс істеуге тырысамыз. Болашақта Қазақстанға әкелінетін шетелдік фильмдердің бәрі қазақшалануы тиіс. Меніңше, дубляж жасау біздің елде енді қарқын ала бастайды. Әзірге біз демеушілердің арқасында қазақша дубляжды жүзеге асырып жүрміз. Болашақта мемлекет тарапынана осы салаға қаржылай көмек керек.
Азамат ҚАНАПИЯ, дубляж жасаушы:
– Менің дубляж саласында жұмыс істегеніме 14 жылдай болды. «Қазақфильм» киностудиясында біраз фильмдерге дубляж жасадым. Соңғы жылдары шетелдік фильмдерді дубляж жасауға атсалысып жүрмін. Голливудтық фильмдерді дубляж жасау үшін шетелдік студиялар дауыстарды өздері іріктейді. Біз ең алғаш Диснейдің «Көліктер-2» фильміне дубляж жасағанда біраз қиындықтар кездесті. Өйткені бұл анимациялық фильм болғандықтан бұған қойылатын талап та күшті болды. Одан кейінгі фильмдерде тәжірибе жинай бастадық, бір фильмді 8-10 күнде жазатын дәрежеге жеттік. Жалпы бізде қазіргі кезде шетелдік фильмдерді қазақша дубляж жасау біраз кенжелеп дамуда. Голливудтық актерлер өздерінің дауысын қыруар қаржыға бағалайды. Ал біз үшін қазіргі кезде табыстан бұрын бір фильмді болса да қазақша «сөйлету» маңыздырақ болып тұр. Біздің елімізде осы голливудтық фильмдерді дубляждауға еңбектеніп жүргендердің бәрі қазақ тілінің қамы үшін жүр ғой.
Иә, қазақ тілін өзіміздің қара көздерімізге үйретудің, сіңірудің бір жолы осы шетелдік фильмдерге қазақша дубляж жасау болып отыр. Егер кинотеатрларға баратын, шетелдік фильмдердің дискілерін сатып алатындардың 70-80 пайызы жастар десек, оларға киноөнімдерді қазақша ұсынаудың маңызы зор. Сондай-ақ голливудтық фильмдерді жай ғана қазақшалап қоймай, сапалы, сауатты етіп дубляж жасағанда ғана қазақ тілінің мә»ртебесі өсе түспек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста