Оралхан оқулары өтті

Қаламызда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі көркем шығармаларды оқу сайысы өтті.

Студенттер мен оқушылардың басын қосатын бәйге биыл 13-рет шымылдығын ашып отыр. Жылда оған 7-ден артық са­йыс­­кер қатыспаған. Биыл шығармашылық жа­рысқа бақ сынауға ниет білдіргендердің саны екі есеге өскен. Тағы бір ерекшелік –  осындай жауапты сайысқа студенттерден бөлек мектеп оқушыларының қатысуы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өс­келең ұрпақтың ұлттық тілге, отандық әде­биетімізге деген қызығушылығының арт­қанын көрсетсе керек. Сайыскерлер шы­ғармашылық сында жеңіске жетуі үшін бір­неше сыннан мүдірмей өтулері тиіс.

Ақмарал ОСПАНОВА, сайысқа қатысушы:
– Қазақ тілінің, ұлттық тіліміздің наси­хат­талуы Тәуелсіздік алғаннан ке­йін қолға алын­ды. Еліміз бірнеше ғасыр бойы Ресей­дің боданы болып келді. Сол кезде тари­хы­мыз, тіліміз, дініміз ұмытылып қалды. Осын­дай оқуларды жиі ұйымдастыру ар­қылы еліміздің тарихын, мәдениетін, әде­биетін наси­хат­тауға болады.
Сайыс үш номинациядан тұрды. Проза­лық шығармадан үзінді оқу, поэзия және драмалық шығармадан үзінді көрсету. Бұл жерде бір шығарма Оралхан Бөкейдікі бол­са, қалғандары қатысушының өз қа­лауы­­мен алынады.
Әдеби сайыс қорытындысы бойынша, М.Әуезов атындағы педагогикалық кол­ледж­дің студенті Айнұр Мәсімова 1-орын­ды жеңіп алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста