Оқушылар нашақорлыққа қарсы

Оқушылар нашақорлыққа қарсы

Дүниежүзін жайлаған нашақорлық дерті Қазақстанда да күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Ең бір алаңдатарлығы статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар көрінеді. Жасөспірімдердің жақсы мен жаманды ажыратуына ықпал етуде мектеп мұғалімдерінің рөлі ерекше. Осы орайда кеше Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназияда «Мектеп оқушылары арасында нашақорлыққа қарсы шараларды ұйымдастырудағы волонтерлық топтардың рөлі» деген тақырыпта қалалық семинар өтті.

Ұлт болашағына кесірін тигізер келелі мәселені талқыға салуға Білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы К.Малдыбаева, А.Әлімжанов және В.Кальсина секілді тәжірибелі нарколог-дәрігерлер, сондай-ақ Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.

Мамандардың зерттеуінше, шылым шегуді ер балалар шамамен он жастан, ал қыз балалар 12-13 жастан бастайды екен. Ал темекі мен ішімдікке әуестіктің көп ұзамай нашақорлыққа әкеп соғатынын, нашақорлық пен түрлі жұқпалы індеттердің арасы жарты-ақ қадам екенін жасөспірімдердің санасына сіңіру оңай шаруа емес.
К.Малдабаева, Білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы:

– Қазіргі ақпарат жан-жақтан толассыз ағылып, көз ілестірмей зымырап жатқан заманда балаға біліммен қоса тәрбиені бойына сіңіру ұстаздарға қиынға соғып тұр. Өйткені қазіргі таңда тіршіліктің қамымен баласына көңіл бөлуге мүмкіндігі болмай жүрген ата-ананың рөлін  де мұғалім атқаруы тиіс болып қалған тәрізді. Ал сабақтан тыс уақытта балалар «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмағандықтан кез келген интернет-клубқа кіріп, 140 теңгеге түрлі сайттарға кіріп, теріс қылықтарға үйренбей жатқанына кім кепіл? Тіпті қазіргі кезде денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босатылатын кейбір балаларды бұдан былай дене шынықтыру сабағына қатыстыруды қолға алдық. Өйткені ол балалардың сабақтан тыс уақытта немен айналысып жүргенін білмейміз ғой.

dsc_2858

Елімізде жылдан-жылға нашақорлардың, нашақорлықпен байланысты қылмыстың саны, түрлі жұқпалы дертке ұшырағандардың қатары көбеймесе азаймай отырғанын айтып, ішкі істер қызметкерлері мен дәрігерлер дабыл қағып, білім мекемелері, басқа да ұйымдар түрлі басқосулар мен жиындар өткізіп жатқанына қарамастан, әзірге нәтиже көңіл көншітер емес. Дегенмен білім ошақтарының нашақорлықпен күреске өзіндік үлес қосып жатқандығы құптарлық іс. Мәселен, Гүлзада Дүйсебайқызы басшылық ететін №56 гимназия оқушылары кешегі өткен жиында адамға ой салар сахналық көріністер қойып, өз қатарластарын салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. Семинар соңында аталмыш білім ошағының бастауыш сынып мұғалімдері: О. Холмецкая, Л. Санжакова, Ш.Бакиевалар «Өмір мәні», «Сен әлемде жалғыз емессің!», «Нашақорлыққа «жоқ» деп айта біл!» деген тақырыптарда тренингтер өткізді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста