Белгілі әнші Арман Қоңырдың әпкесі, Айгерім Қоңырбаева Instagram парақшасында өзіне балағат сөз жазған оқушы қыздың жазбасын салып, оның ата-анасына видео үндеу жолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Анықталғандай, оқушы қыз Айгерім Қоңырбаеваны Арман мен Ашаның айырылысып кеткеніне кінәлі деп айыптаған.
Онысымен қоймай жасөспірім әншінің әпкесіне бейәдеп сөздер жазған.
Оқушы қыздың жазғанын скриндап алған Қоңырбаева оны өз парақшасына жариялады. Ол бұл әрекетін өзіне әдепсіздік танытқан қызға ата-анасы тәрбие сағатын жүргізсе деген ниетпен түсіндірген.
"Арман мен Аша сенің кесіріңнен айырылысты. Бәрі сенің кесірің" , - деп жазған оған оқушы қыз.
Алайда, кейіннен бұл жазба Әйгерім Қоңырбаеваның Instagram парақшасыннан жоқ болып кетті.