"Он ғасыр жырлайды" антологиясына ақын Қожа Ахмет Яссауи не үшін кіргізілмеді?

"Он ғасыр жырлайды" антологиясына ақын Қожа Ахмет Яссауи не үшін кіргізілмеді?

Даудың басы – «Он ғасыр жырлайдыдан» басталды ғой. Ол туралы алдымен « Әдебиет порталында » жазылды да. Екінші ретте «Үш қоңыр» газеті жазды. Осыдан кейін барып «7-арна» да бұл мәселені кеңінен қозғаған болатын. Телеарнадан берген сұхбатында белгілі әдебиеттанушы ғалым, профессор Айгүл Смақова мұның артында жасырын топ тұр деп өз болжамын айтты. Ол қандай топ екен? Ал біз мақаланы жазарда көргенімізді жаздық. Оқығанымызды айттық. Ешқандай да топта бес бересіміз, алты аласымыз жоқ!
Республикалық «Үш қоңыр» газетінде «Сәрсенбі Дәуітұлы: «Бұл әріпті өз қалауымызбен қосқан жоқпыз, тарихшы Әбдірахман Ескендірұлы түзеткен», – деп отыр (abai.kz/content/bauyrzhan-berikyly-abaiga-abai-bolaiyk).
Сонда Сәкеңе таңғаламын. «Қалайша бір тарихшының ғана сөзіне сүйене салады? Неге арабтанушылармен, абайтанушылармен ақылдаспайды?!» – деп.
Себебі бұл турасында «Үш қоңырда»: «Арабтанушылар бұны барып тұрған сауатсыздық дейді», – деп һәм: «Абайтанушылар Мүрсейіттің 1915 жылғы қолжазбасы жоқ дейді», – деп тайға таңба басқандай анық етіп жазып отыр. Ал сонда Мүрсейіттің 1915 жылғы қолжазбасы жоқ болса, дерексіз сөйлемейтін профессор Смақова тележәшіктен қандай қолжазбаны көрсетті екен? Түсініп көр.
«А-ны» айттың ба, «Б-ны» да айт» деген сөз бар. «Он ғасыр жырлайды» кітабында негізінен діни өлеңдер топтастырылған. Имандылық жайлы жырлаған ақындардың өлеңдері кірген. Бірақ осы «Он ғасыр жырлайды» кітабына Қожа Ахмет Яссауидің имани жырлары енгізілмей қалыпты.
Себебі не екен? Не үшін? Қожа болғаны үшін бе? Сопы болғаны үшін бе? (Бұдан басқа сұрақты көрмей тұрмыз).
Бір ағамыз: «Ол – таза қазақ емес қой! Қожа емес пе?! Қожа болса қалайша ол бұл кітаптан орын алу керек?!» – дейді. Қалай-қалай көсіледі, ә?!
Қожахмет бабамыздың жазығы – қожа болғандығы болса, қаймағымыз – Қалтай Мұхаметжанов ағамыз да қожа!
Мұхтар Әуезов те қожа ғой!
«Он ғасыр жырлайды» поэзиялық емес, прозалық антология болғанда бұлардың да шығармалары кірмейтін бе еді сонда?..
Ал, сопы болғандығы үшін кірмеген болса, себебін жіліктеп тұрып түсіндіріп бере ала ма екен ғалымдарымыз? Қалай жауап береді екен?..

а) Ғалымдар тарапынан жауап: «Сопы болғаны үшін», – делінетін болса – онда Қожа Ахметтің кесенесіне бармауға, көрмеуге тура келе ме, өлеңдерін оқуға тыйым салына ма енді?
ә) Ғалымдар тарапынан жауап: «Қожа болғаны үшін», – делінсе ше? Мұхаңдар мен Қалағаңдарды қайтеміз? Оқулықтардан, осы секілді антологиялардан жоямыз ба, келешекте оларды да кіргізбейміз бе?
А.Смақова, Ә.Ескендірұлы, С.Дәуітұлы сияқты көзі қарақты аға-апаларымыз Тарихшы ретінде де, Ғалым ретінде де, кітаптың құрастырушылары ретінде де бұл антологияларына Қожа Ахмет Яссауидің не үшін кіргізілмегенін түсіндіріп беруге шамалары жетеді, әрине!
Қожа болғаны үшін кірмеді десе де, сопы болғаны үшін кірмеді десе де, мүмкін олай емес шығар, бірақ қалай десе де өз еріктері, тек әйтеуір бір жауап берсе екен оқырманға.
adebiportal.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста