Өмірқұл Айниязов апаттан аман қалды
Осыдан екі күн бұрын әнші Өмірқұл Айниязов жол көлік оқиғасына тап болды.
Осы орайда мәселенің мән-жайын білу үшін әншінің PR менеджері Ринат Тәттібайға хабарластық.
«17 шілде күні Ұзынағаш ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай концерт болды. Сол кештен соң кешкі сағат 9: 00 шамасында әнші Дәурен Оқапов пен Өмірқұл екі көлікпен жолға шыққан. Жолда қарбыз сатылып жатқанын көріп, алуға тоқтаған. Содан кейін қарбызды алып, жүре берген кезде Дәурен Оқаповтың автокөлігін техникалық дүкеннің зат тасыйтын үлкен жүк көлігі соғып кеткен. Сол жерде бірер секунд ішінде үлгенмегенде, ол көлік Өмірқұлға да тиер еді. Алла сақтап, Өмірқұл аман. Кейіннен мәселенің соңы шешілген. Дегенмен, қатты қорқып қалғанын айтып отыр. Сонымен қатар, енді жолдан ештеңе алмайтынын жеткізді», — деп Ринат Тәттібай болған оқиғаның мән-жайын түсіндіріп айтты.
baistars.kz