Олжас Сүлейменов Ұлттық кітапханада ұлт пен кітап жайында әңгіме өрбітті

Олжас Сүлейменов Ұлттық кітапханада ұлт пен кітап жайында әңгіме өрбітті

Есімі әлемге әйгілі, қазақтың қайраткер ұлдарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов жыл сайын мамыр айының ортасында Астана мен Алматыда оқырмандарымен кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.
Олжекеңнің туған күні – 18 мамыр. Биыл 78 жастағы ақын таяуда ғана Ғылым ордасында «Сөз коды» кітабының тұсаукесерін өткізіп, Елорданың әдеби ортасында болып, Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде студенттермен кездесіп, өзі капитаны болып табылатын ардагер волейболшылар арасындағы халықаралық турнирге қатысып, әлі де тың әрі сергек екенін аңғартты.
Осы аптада зерделі қаламгер Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Үлкен залында ақын-жазушылармен, баспагер, кітапханашылармен, өзінің сүйікті оқырмандарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, бүгінгі әдебиет пен кітап, рухани әлем жайлы, ұлт пен тарих, түркітанудың жаңа қырлары турасында келелі әңгіме өрбітті. Оқырман мен Олжекеңді жақын табыстырған диалог-кешті танымы мол мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүргізіп отырды.
Оқырмандардың сұрақтарына жауап берген ойшыл ақын:«Біздің тарихымыз тым тереңде. Оны біз әр қырынан зерделеп, тануға деген ұмтылысымызды азайтпауымыз керек. Түркі дүниесінің көне замандардан келе жатқан, алайда бүгінгі күні ұмыт бола бастаған қаншама құндылықтары бар, қаншама ғажап сөздері мен ұғымдары бар?! Алдайда, егемендік алғаннан кейін кейбір ғалымдарымыз тілімізді тазартпақ болып біздің ұғымымызға жат, көптеген бөтен сөздерді қолданысқа енгізіп жіберді. Біз өз сөзіміздің өз түбімізден іздеуіміз керек емес пе еді?! Сондықтан да тілдік мәселеде, жалпы лингвистика саласында тыңғылықты әрі мағыналы зерттеу жұмыстары жұйелі жүруге тиіс.» - деген тұжырымдарын ортаған асалды.
Бүгінде Олжекеңнің шығармашылығымен қоса азаматтық көзқарастарына қатысты түрлі сын пікірлер айтып жүргендер жетерлік. Әрине, бүгінгі қоғамда ақынның тұлғалық қасиеттері мен азаматтық көзқарастарына байланысты біраз келіспеушіліктер бар. Әйтсе де, ол қазақтан алыстап кететіндердің санатынан емес екені анық. Қалай десек те, Олжас ақынның қазақ поэзиясын орыс тілі арқылы үлкен биікке жеткізіп, жаңа қырынан танытқанын мойындауымыз керек. Өлең өрнегінің тілі өзгеше демесең, Сүлейменов поэзиясының басты ерекшелігі оның түп-тамырында ұлттық күш-қуаттың, терең философиялық мәнге ие түркілік кең дүниетанымның тұратындығында. Олжекең Өз заманының әлем мойындаған тұлғалы қаламгері ретінде ол тіпті орыстілді поэзияға формалық жағымен қатар мазмұндық сипаты бөлек сипат енгізе алды. Бұл ретте Олжас Омарұлының ақындық феноменінің айрықша көрінісі – оның үздіксіз ұлттық рух пен түркілік санадан нәр алып отыруында.
Олжекең Алты құрылықты шарлап жүріп нөпір халықтың алдында шабыттана жыр оқып, жырлары талай тілге тәржімаланған маңдайы жарық ақын ғана емес, ол зердесі сан қатпарлы ғалым. Оның лингвистика саласындағы еңбектері мен әдебиет пен мәдениет тарихына қатысты кітаптары бүтін бір ғылыми-зерттеу институтынының ұжымы жабыла атқаратын орасан жұмыстар. Қайраткер ақынның АЗиЯ-сын айтпағанның өзінде кейінгі жылдары түзілген «1001 сөз» атты көлемді кітабы мен жақында ғана оқырман қолына тиген «Сөз коды» атты сүбелі еңбегі күллі түркі әлемінің тілі мен дінін, салты мен дәстүрін танып-білуге керемет септігін тигізетін бағалы еңбек екені даусыз.
Ұлы Оқырманың жадын жаңғырту қажеттілігі ерекше сезіліп отырған бүгінгі қоғамда жазушы мен кітапхана байланысын күшейтіп, адамдардың кітапқа деген қызығушылығының артуына мүмкіндіктер жасау керек деп есептейтін Олжекең бұл ретте кітап шығару ісінде биік талғамы бар баспалардың алатын орны айрықша екендігін атап өтті. Таңдаулы қаламгерлеріміз бен әлем әдебиетінің озық үлгілерін ұсынып келе жатқан «Олжас кітапханасы» баспа Үйі бұл бағытта табыстары мол екені де ескерусіз қалмады. Оқырман сұранысының деңгейін арттыру үшін бұл баспа Абай, Шәкәрім, М.Әуезов, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, М.Мақатаев, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Қ.Аманжолов, Ғ.Мүсірепов сынды ұлы қазақ қаламгерлерінің шығармаларын жас ұрпаққа қолжетімді болуы үшін, қазақстандық жастар өздерінің ұлттық әдебиеттерін ғана емес, сонымен қатар әлемдік әдеби мұраға тартылу үшін өз кітаптарын шағын форматта ұсынып келеді. Осы орайда «Жазушы мен кітаптың қазіргі замандағы рөлі» атты тақырыпта өткен шығармашылық кездесу аясында «Олжас кітапханасы» Баспа үйі шығарған жаңа кітаптардың сауда-көрмесі ұйымдастырылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста