"Өйткені шымкенттік" фильмі халықтың наразылығын тудырды

Халық арасында «Өйткені шымкенттік» деген атпен прокатқа шыққан фильмге наразылық туындап жатыр. Еліміздің бірқатар кинотеатрларынан көрсетіліп жатқан отандық кинотуынды ғаламтор бетінде де ашық сынға ұшырады деп хабарлайды 31 арна.

Бірақ, фильмнің режиссері Шымкент халқының намысына тию мүлде ойымда жоқ деп отыр. «Өйткені Шымкенттік» фильмін түсіруші топ ел ішінде осы сөз айтылғанда, халық санасында бекіп қалған келеңсіз образды бұзып, оның қате екенін көрсетуді мақсат тұтыпты. Әрі осы арқылы фильмді коммерциялық жобаға айналдырмақ болған.

Алайда көпшілік арасында қызығушылықпен бірге түсінісбеушілік туып, аталмыш кино сын жебесіне ілінді. Ел пікірі де екіге жарылған. Ал ақын Маралтай Райымбекұлы жалпыұлттық мүдде тұрғысында кез-келген бөлінушілікке жол бермеу қажет екенін айтады.

Мұның өзі де дұрыс емес. Кәдімгі елді ішінен ірітетін нәрсе

«Менің ақылыма сыймайды. Айтады «Кіші жүзді найза беріп, жауға қой, Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға беріп малға қой» деп. Мұның өзі де дұрыс емес. Кәдімгі елді ішінен ірітетін нәрсе», — дейді ақын Маралтай Райымбекұлы.

Кинотуынды прокатқа 19 наурызда шыққан. Cодан бері танымал kino.kzcайтында фильм жайлы жағымсыз комментарийлер тасқыны толастамаған. Тіпті кейбір қолданушылар: «Жарыққа шығаруға лайықсыз», — деген сипаттағы ашулы пікір қалдырған.

Кино болған оқиға желісімен түсірілгендіктен, фильмнің режиссері Жәнібек Жанқараев біздің мақсатымыз халықты қаралау емес, қайта содан сақтану болатын дейді.

«Фильмдегі басты көрсеткіміз келген мақсат ол керісінше осы стереотиптерді жою. Осындай проблемаларды болдырмау», — дейді фильмнің режиссері Жәнібек Жанқараев.

Мақсат — барлық қазақ баласы жеріне, тегіне қарамастан, бір халық екендігін ұғындыру болған. Бірақ, киноны көрместен, атына қарап тон пішкендер оның дақпыртын күшейтіп жіберген. Соған қарамастан прокаттың алғашқы аптасында фильм 90 миллион теңге жинап үлгерген.

www.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста