Нұртас Адамбаев "Үш бойдаққа бір тойда" ойнайды
2015 жылдың 5 наурызында қазақстандықтарға тағы бір жаңа фильм «Үш бойдаққа бір той» («Свадьба на троих») ұсынылмақ. Бұл картинада көпшілікке жақсы таныс Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова және Дәурен Айдарқұлов ойнайды.
Режиссер Асқар Бисембиннің романтикалық комедиясы мәскеулік алаяқ Азамат пен оның досы кәсіпкер Тимурдың және сүйкімді қыз Әлияның бастарынан өткен хзикаяны баяндайды. Олар жылдың ең керемет үйлену тойына дайындық жүргізеді. Тойға бәрі сақадай сай дайын болған кезде күтпеген жерден тойдың болмай қалу қаупі туындайды. Үшеуі жанұшыра жайынжалған осы бір ғажап үйлену тойының немен аяқталғанын бәріміз көктемде еліміздегі кинотеатрлардан көретін боламыз. Басты рөлдерде Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова және Дәурен Айдарқұлов ойнайды. Фильм 5 ай бойы Алматы қаласында түсірілді. Асқар Бисембиннің есімі «Папины дочки», «Вузеры», «Бажалар» секілді ресейлік және қазақстандық телесериалдар арқылы белгілі. Қазіргі таңда ғаламторда фильмнің ресми трейлері пайда болды.
Асқар Бисембиннің «Свадьба на троих» картипнасын өзімізше «Үш бойдаққа бір той» деп аудардық. Фильмнің атынан-ақ сюжетінің қызық екені аңғарылады. Ең қызығы, бұл фильмде Сәбина келіннің образы арқылы біреуге ұнап, біреуге ұнамай қалған Нұртас Адамбаевтың ойнайтындығы. Бұл жолы Нұртас қыздың емес, жігіттің рөлінде екен...