Нұрсұлтан Шатырханұлы ресейлік шоудың шындығын айтты

"Ну-ка, все вместе!" музыкалық шоуында қазылар алқасының 100-ден 46 мүшесін орнынан тұрғызған қазақстандық Нұрсұлтан Шатырханұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әнді қалай таңдағанын және Валентина Тимощукке неге сезімін ашқанын айтты.

 

"Россия-1" телеарнасындағы шоу ұйымдастырушылары Нұрсұлтанды жобаға қатысуға өздері шақырған екен. Олар қазақстандықтың "Украина дауысы" шоуындағы өнерін көріп, даусына тәнті болған.

 

Нұрсұлтан Шатырханұлы Алматыдан келіп, шоуда бірінші болып "Лучший город Земли" әнін орындады.

 

"Таңдаған әніме көп сын болды. Бірақ мен Муслим Магомаевты өте жақсы көремін. Бұл әнді 10 жыл бойы айтып келемін, өте жақсы көремін. Ол тенор үшін емес. Байқаудың өзінде ғана әнді таңдау кезінде ең дұрыс шешім жасалмағанын түсіндім. Байқауға арналған ән емес. Бірақ тәжірибе үшін шоуға ризамын. Мен оған қатысқаныма өте қуаныштымын, көбі көндірмек болған еді", - деді Нұрсұлтан.

Қазылар алқасының 100 мүшесінің 46-сы қазақстандыққа дауыс берді. Олардың арасында "Раиса" командасының танымал КВН ойыншысы Валентина Тимощук бар. Нұрсұлтан Шатырханұлы әнді оған арнағанын айтты: "Валентина, мен бұл әнді сізге арнадым. Себебі мен сізді Қазақстанға алып кетуді ұйғардым", - деді ол эфирде.

 

Бірақ сұхбатта жігіт мұны шоу үшін жасағанын айтты.

 

"Шын мәнінде өз отанымның және қазақ қыздарының патриотымын. Барлығы шоу үшін жасалды. Ол ашық-жарқын, көңілді қыз. Шоудан кейін Валентинамен сөйлестік. Болған нәрселерді еске алып, күлдік. Ол да бәрі шоу үшін жасалғанын жақсы түсінеді", - деп бөлісті ол.

 

 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан қазылар алқасының мүшесі болған отандасы әнші Nazima мен рэп орындаушысы Natan оны қолдағанын айтты. Олардың сөзі эфирде көрсетілмеген. Бірақ түсірілімнен кейін олар қолдау көрсетіп сөз сөйлеген.

 

 

Нұрсұлтан Шатырханұлы қазір Жамбыл атындағы филармонияда, сондай-ақ Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрында жұмыс істейді.

 

Ол украиналық "Голоста" Time to say goodbye әнін орындағаннан кейін танымал болды. Онда әнші көрмей тыңдау кезеңінен өтіп, Тина Карольдің командасына өткен болатын.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста