Отандық әнші Нұрлан Еспанов NUR.KZ порталының Oybay Life жобасына қатысып, қазіргі жастарға деген наразылығын, құны түсіп кеткен әншілер мен өзін сатып кеткен әріптестері туралы сырын ақтарды.
Айтуынша, оның сыртынан әңгіме айтып, түрлі өсек-аяң айтатындар көп.
Нұрлан Еспанов бұл жолғы сұхбатында қазіргі жастардың тым арзан арманы туралы әңгіме қозғады. Оның пікірінше, қазіргі таңда жастар білімді емес, ақшалы болуға ұмтылады. Сонымен бірге, әнші өзін сатып кеткен әріптестерінің әрекеті туралы да ашық айтты.