Нұрдәулет Шертім: "Бандиттер көлігімді тартып алды"

Нұрдәулет Шертім "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында ешкімге айтпаған сырымен бөлісті. Айтуынша, күш көрсетіп, көлігін тартып алған.

 

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

 

Бағдарлама жүргізушісінің "Көлігіңізді бандиттер тартып алғаны рас па?!" - деген сұрағына былай деп жауап берді:

 

- Негізі мен бұл тақырыпты еш жерде айтпайтын едім. Ата-анам көрсе жүрегі ауырады. Дегенмен де қолқа салып, қоймай жатырсыз жауап берейін.

 

"Еркек болған соң қаншама қиыншылықтар болады. Осы Астанаға көшіп келерде үш жыл алдын сондай жағдай болды. Енді ол өте ұзақ оқиға, мен қысқа-нұсқа айтып өтейін. Бала-шағамның алдында келіп, автокөлігімді бандиттер алып кеткені рас.

Көлігімді алып кеткен бандитсымақ өзімнің араласып жүрген адамдарым болатын. Енді күндіз-түні сөйлеспесек те сәлеміміз түзу, жақсы сыйласып жүрген дос балам етін.

Енді мені қараусыз жүрген жігіт қой деп пайдаланғысы келгендердің тірлігі ғой деп ойладым өзім.

Солардың ойластырылған, болмағанды болды деп оқиға құрастырған тірліктері ғой ашығын айтқанда, сонымен солай жазықсыз көліктен айырылғанмын" - деп жауап берді Нұрдаулет мырза.

 

Әртістің айтуынша, отбасын көшіріп алу үшін Алматыға келе жатқан кезде, әлгі досы сені той өткізіп береді деп ағасына айтқан болып шықты. Бірақ сөз жүзінде екеуара ондай келісім болмаған және Нұрдәулеттің өзі одан бейхабар болған. Тек оған өзінің Алматыға келе жатқанын ғана айтқан. Кейін әлгі досы "мені лақтырып кеттің" деп біренеше жігітті ертіп келген әрі бопсалаған.

 

"Жігітше төбесеуге де болар еді, мүмін таяқ жер едім, мүмін олар таяқ жейтін еді. Бірақ мәселе басқада. Мен ертеңінде Астанаға кетуім керек. Бейбітшілік және келісім сарайына жұмысқа тұрғанмын. Маңызды жұмыс. Енді ойлаңызшы, жұмысқа бірінші күні  көзім көгеріп отырсам не болады, ел не ойлайды." деп қосты Нұрдәулет Шертім.

 

Желі оқырмандары ондай достардан бойды аулақ ұстаңыз деп пікір қалдырған.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста