Қазақстандық пианиношы Нұрболат Базарбаев украиналық The X Factor шоуының 7-ші маусымының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Жігіт өзінің әртістік қабілетімен көрермендер мен қазылар алқасын таңғалдырды.
Нұрболат байқауда рояльда ойнап, Руфус Уэйнрайттың «Hallelujah» әнін орындады. Украиналық көрермендер оған орындарынан тұрып қол соқты. Шоу жүргізушісі Оксана Марченко да эмоцияға ерік берді.
Төрт қазылар алқасының үшеуі Нұрболаттың келесі кезеңге өтуін құптады. Белгілі шоумен Андрей Данилко ғана қарсы болды.