Нұрболат Абдуллин ең алғашқы жалақысы туралы айтты. Әнші бір кездері мұғалім болып жұмыс істеген. Алғашқы табысы 50 мың теңге ғана болған.
Нұрболат Абдуллин бір сұхбатында алғашқы жалақысының мөлшерін айтты. Мұғалім болған шағын еске түсірді.
“Ең алғашқы алған жалақым 50 мың теңге. Мұғалім болып жүргенде алғанмын. Әрине, ол ақша ешнәрсеге жетпейтін еді”, – деп күлді әнші.
Әнші үшін ең үлкен мереке – анасының туған күні.
“Мен үшін анамның туған күні ең үлкен мереке. Ал сүйікті тағамым еттен жасалған тағамдар”, – деді ол.
Әнші өмірде жолың болмаған жайттан сабақ алу керек дейді. Ол үшін уайым жеудің керегі жоқ. Себебі өмір жалғасады.
“Сәтсіздікті көп адамдар өлім үкіміндей көріп, одан өлердей қорқады. Егер сәтсіздікке ұшырап, ақшамнан немесе басқа да игіліктерімнен айрылсам, ол өліммен тең деп түсінетіндер көп. Мұндай ой сәтсіздіктің астарында біз үшін қандай игіліктер жататынын түйсінуге кедергісін келтіреді. Сәтсіздік – біздің ұстазымыз”, – деді әнші.
“Алла жар болсын”, “Нұрболат Алла саған ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін, өнерің өрге жүзсін. Аман жүр”, “Өнерлісің, келбеттісің, бақыттысың”, “50 мың теңгеге жете алмай жүргендер де бар”, “Мұғалім болғанын елестете алмаймын”, “Мұғалім болған оңай емес”, “Сабақ бердім дегеніне сенбеймін”, “Нұрболат ағай, қай пәннің мұғалімісіз?”, “Қандай жұмыс болса да, адал етсе болды емес пе?”, – деп жазды желі қолданушылары.
stan.kz