Ninety One тобының мүшесі – Данияр Құлымшаның (BALA) ата-анасымен эксклюзивті сұхбат

Барлықтарыңызға сәлем! Сіздермен бірге Амангелді! Бүгінгі блог бір жыл ішінде мыңдаған жанкүйер тыңдарман жинап үлгерген аты шулы Ninety One тобына арналмақ. Нақтырақ айтқанда 91 тобының жетекші вокалисті, топ кенжесі – Bala-ның, яғни Данияр Құлымшаның әкесі – Ақылбай Өсербайұлы Құлымша мен анасы – Әлия Назарғалиқызы Қадірмен жүргізген сұхбатыммен бөліскелі отырмын. Бұл сұхбатты алуымның себебі мен бұл топтың өнерін сүйіп тыңдайтын қырандардың (EagleZ) бірімін. Даниярдың анасымен танысуыма алдағы жазған мақалам себепші болды. Ал енді көп сөзді қойып, сұхбаттың қалай өрбігендігі жайлы айтайын:

Ең алдымен жалпы өздеріңіз бен отбасыларыңыз жайлы айтып берсеңіздер:

Отбасымыз жайлы айтатын болсам, отағасы, Даниярдың әкесі – Ақылбай Өсербайұлы Құлымша, Әлемдік және отандық мәдениет тарихы пәнінен оқытушы болған. Анасы, Әлия Назарғалиқызы Қадір, қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарғанмын. Отбасымыздың тұңғышы болғандықтан әр қылығы біз үшін өте әсерлі болды. Үйде жүрсек те, туысқандардың үйлерінде болсақ та, келген, не көрген адамның бәрі қолдарынан тастамай еркелетіп әр дыбысына, қозғалысына, қылығына таңырқаумен болатын. Оның бір себебі, ол мазасыз болған жоқ, қарны тоқ, ұйқысы қанық болса мазамызды кетіре қоймайтын. Кейде баламыздың бойынан шапшаңдықты, ұқыптылықты байқайтынбыз. Кейде әлі келмесе де өзінен бір жас үлкен бөлесімен алыса кететін. Бірде, жайма базарда, майда ойыншықтарды саудалап отырған саудагердің ойыншықтарына қызығып, біреуін қолына ала бергенде «Алмаймыз, орнына қой» деген кезімізде басқа ойыншықтарды құлатпай, шашпай орнына ұқыптылықпен қойғанын көрсеңіз ғой, таңырқағанымыздың себебі ойыншықтар сәл мүлт кетсең шашылайын деп тұрған болатын. 1999 жылы қарындасы Әлима дүниеге келді, перзентханадан үйге келген күннен бастап аралары 1 жас және 10 ай болса да енді мамасының қарындасына көп көңіл бөлетіндігін байқағандай еш қызғанышсыз, өзіне салып берген бөлек төсекке айттырмастан барып жата кеткенін көрсеңіз ғой. Осындай қылықтарының қайсысын айтсақ та өзіміз үшін өте ыстық. Ал 2006 жылы інісі Дәулетияр дүниеге келді. Інілі болдым деп өте қатты қуанды.

Даниярдың балалық шағы қалай өтті? Ерке болды ма?

Ол бала кезінде өте сүйкімді болды. Ұмытпасақ, көрген адам қызығып еркелеткенмен аса ерке болып, еркетотайлық танытқан жоқ.

Музыкаға деген қызығушылығы қай жасында пайда болды?

Әкесі бесік тербетіп отырып, Мұхит әндерін орындаған кезде мойынын созып, бесікке таңулы жатса да даусын созып әнге қосылатын. Ал эстрада әндеріне келуіне себеп болған жағдай, 4-5 жастарында, сол жылдары үйге кабельді теледидар әкелгенбіз. Сол теледидардан ағылшын, француз, түрік әндерінің хит парадтары қосулы болатын, ағылшын тіліндегі әндерге бейімділігі сол кезде қаланған болу керек деп ойлаймын. Сондай-ақ «Сағыныштың желкені желбірейді» деген достар жайлы әнді нақышына келтіріп айтатын, авторын ұмытып қалдық.

Балаларыңыздың бойынан ерекше атап көрсететін қасиеттері қандай?

Ойнаған ойындарын ерекше ептілікпен ойнайды, ол пластейшн болсын, футбол болсын тағысын тағы. Жазуы анық, әдемі, сөйлегенде де бала болса да анық, түсінікті сөйлейтін. Атасы осы қасиетіне ерекше мән беріп, мақтап қояды.

Данияр көбіне кімге жақын? Сізге ме, əлде əкесіне ме? Сырларын кіммен бөліседі.

Отбасында ол біреуден ығып, біреуге жақын болды деп айта алмаймын, ол кім-кімге де ойын еркін айтып жүре береді.

Даниярды балаңыз ретінде сипаттап беріңізші. Сүйікті тағамы, сабақтағы үлгерімі, əннен басқа қызығушылықтары т.б.

Сабақта мұғалім жақсы түсіндірген пәндерге қызығушылығы басым болды деп ойлаймыз. Өте үздік болмаса да, өте жақсы деген бағалармен жиі қуантып тұратын. Сүйікті тағамы – қазаннан жаңа түскен еттің наны, картоп езбесімен қуырылған котлет, көкөніс сорпасын жақсы көреді деп ойлаймыз. Ол 7-сыныптан бастап футболға өте қатты қызығушылық танытты. Кумирі – Л. Месси болды. Жаз, күз, көктем бойы аулада өзі қатар балалармен футбол ойнайды. Өзінің жетістіктерін үйге келіп мақтанып айтып береді. Өзі қазір айтады ғой, әнші болмасам футболист болатын едім деп.

16 жасар балаңызды Ерболат мырзаға тапсыру қаншалықты қиын және қалай болғандығын айтып берсеңіздер?

Ерболат мырзаға тапсырған кездегі ең басты мазалаған жалғыз сұрақ, Ерболат мырзаның қаншалықты кәсіби деңгейде жол көрсететіндігі болды. Бүгінгі күні Ерболат мырзаның шығармашылық бағыты баламыздың да, өзіміздің де көңілімізден шықты деп ойлаймыз. Тек ойландыратын бір мәселе сол, топ мүшелеріне сырға тағып, шаш бояйтын сахналық бейне жасайтын ұтымды тәжірибесін қорғап шықса болғаны.

Топ мүшелерінің ішінде биасыңыз АСЕ екендігін естідім. Неліктен?

АСЕ мен туған бикеш жұлдызында дүниеге келген. Сондықтан ба кейбір ұялшақтық, жайдарылық сияқты қасиеттері бикешке тән болғандықтан маған ғана түсінікті сияқты көрінеді. Сүйкімді, мейірімді жігіт, даусы сондай нәзік, әрі жағымды. Оның корейше өлең айтқаны өте ұнайды. Бірақ 5 жігітті де бөліп жармаймын. Бәрінің де өнерлері, дауыстары, рэп оқулары ұнайды. Олар бір-бірінің өнерлерін толықтырып тұрады. Бұрын рэпті тіпті тыңдамайтынмын. Қазақша рэпті осы Дулат пен Азаматтың оқуынан ұнатып, олардың оқу жылдамдықтарының тездігіне таң қалдым

Сіз 91 тобының өнерін қолдайтыныңыз баршамызға мәлім. Алайда Данияр бұл топтың мүшесі болмаса, сіз бұл топты қолдар ма едіңіз?

Бұл тәрізді сұрақты тарихшыға қойсаңыз ол, «Бауыржан Момышұлы Мәскеуді қорғап қалмағанда», «Қасым Қайсенов өте өжет партизан болмағанда не болар еді деген қарсы сұрақ қойған болар еді», - деп ойлаймыз. Сөйте тұра мұның жауабы бар сияқты, біз бұл топ жөнінде көп нәрсе білмесек те жаңашылдығын, шығармашылығының алуан түрлілігін ерекше бағалаған болар едік деп есептейміз.

Әр түрлі әлеуметтік желіліердегі айтылатын сын-пікірлерді оқисыз ба? Оларды қалай қабылдайсыз?

Иа, оқимын. Кейде жүрегім ауырады, жылаймын. Кейде мән бермеймін... Басында балама ұрысып та жүрдім. Сырға неге тағасың деп... Балам маған «Мән берме, жүрегіңе алма. Өнер үшін бір нәрсе құрбан болуы да керек шығар. Біздің сырт кейпіміз де сол сияқты» деді. Сосын қойдым. Талай рет сырт келбеттері жөнінде Ерболатпен де, Асылмен де сөйлестім. Батырханның анасына да айттым, шаштарын бояуға рұқсат етпеңіз деп... Әкесі, керісінше, қарсы емес. Әкесі бұрын мәдениеттану, дін тарихы пәндерінен университетте сабақ берген адам. Ол кісі маған бұрын мұсылман халқында сырға тағу болғандығын, сырғаны не үшін таққандығын, ал шаш бояуды (тек қара түске емес) Мұхаммед пайғамбар да қолдағанын айтып, маған басу айтты. «Онда тұрған ештеңе жоқ, ол - образ, өнер» дейді.

Даниярдың бұл жолды таңдауына жол бергеніңіз үшін өкінесіздер ме?

Бұл сұрақтың жауабы тікелей Даниярдың қалауымен байланысты, оның өнерге деген әуестігіне, талғамына, таңдауына, ұмтылысына, қызығушылығына тоқтам болмаса, біз өкінбейміз деп ойлаймыз.

91 тобына айтар тілектеріңіз?

Көзі ашық, көңілі ояу, талғамы айқын, таланты бар еңбекқор адам баласы шығармашылықпен шұғылдануды армандайды, сондықтан шығармашылықтарында өз тыңдармандарын сүйсіндіріп, олардың өте талғампаз көңілдерін көтере алатындай туындыларды дүниеге әкелуіне тілектеспіз!

Мүмкін халыққа, ер бала болсақ та бұл бағыттағы өнерді сүйетін мен сияқты жігіттерге айтар сөздеріңіз бар шығар

Ал өзіңдей, уақытпен бірге қадамдасып, ақпарат тасқынының ағысынан хабардар болып, өнердің өнегелі қырларына мән беріп жүретін ержеткен азаматтарға айтар тілегіміз: адам жасампаздығының қай саласы болмасын бәрі өнер, ол есеп шығару болсын, кірпіш қалау болсын, ән айту болсын, сурет салу болсын, т.б. бірінің қолынан оңай келетін кәсіп, бірінің қолынан келмей жатады. Сондықтан адам баласын алаламай, қызығушылықтарына түсіністікпен қарап, адамды кіршіксіз сүйе біліңіздер.

Осы сөздермен Әлия апайымызбен кішігірім деп айту дұрыс болмас, әжептәуір үлкен, әрі жүректен шыққан сұқбатымыз да аяғына келді. Алайда Әлия апайымыздан әрбір EagleZ-дың көкейінде жүрген сауалдарды қоюды жөн көрдім. Жауаптарын өзгертудің қажеті жоқ деп ойладым, себебі қажет етпейтін сияқты.

Болашақ келініңіздің қандай болғанын қалайсыз?

Негізі бұл тікелей Даниярдың қалауымен байланысты ғой, алайда бізге өзіне адал, тазайын, тамақты жақсы пісіретін, пысық болса деп қояйын ба... Алланың бұйырғаны болады да. Өтірікші, арам қыздардан Құдай сақтасын деп тілейміз негізі. Ол өзі ақкөңіл, әрі аңқаулау ғой, – деп күлді.

Балаңызды еркелеткенде қандай лақап есімдер қолданасыз?

Әкесі Баритон деп еркелетеді, өзім Дая, Даечка, Данчик деген еркелету есімдерін қолданамын.

Ал енді сұхбат жайлы өз ойымды білдірсем. Бұл сұхбаттан кейін EagleZ-дар жаңа мәліметтерге қол жеткізді, өздерінің кумирлерін жаңа қырларынан таныды деп ойлаймын. Bala жайлы тағы бір қызықты мақала жазу жоспарда бар, егер ол мақаланың шығуын қажет деп санасаңыздар пікір қалдырып кетіңіздер).

Даниярдың анасының соншалықты қарапайымдылық танытып, мені баласынбай сұрақтарыма жауап қайтарып, жұмыс басты болса да алтын уақытын бөлгеніне қайран қалдым. Сізге алғысым шексіз екендігін тағы қайтара айтамын. Сөз соңында Әлия апай маған «Аман болып, нағыз білікті де жүректі дәрігер болуыңа тілектеспін! Танымасам да ой-пікіріміз сай келгесін әңгімелесіп, баламдай боп қалдың. Хабарласып тұр!» деген ыстық лебізін білдірді. Мені медик балам деп атайтындығын айтты). Қуанышымда шек жоқ. Негізі біреу жағымпаздық деп ойлар, десе де маған сұхбатты Әлия апайдың бергеніне қуаныштымын, себебі менің топтағы биасым Bala. Әлия апайдың өзіне айтпадым, қазір оқып отырған шығарсыз. Осы сөздермен бүгінгі ауқымды блогымды аяқтайын. Ал әзірше Сау!!! Пікір жазуды ұмытпаңыздар.

yvision.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста