Николай патша шай ішкен самаурын – Семейде

Семейде екі ғасырға жуық тарихы бар ғажайып самаурын бар. Салмағы – 40 келі, биіктігі – 1 метр, сыйымдылығы 50 литр. Шүмегінің алынып-салынбалы тиегінің өзі үш келіге жуықтайды. Алып ыдыстан бір мезетте кем дегенде 200 адамға шай құюға болады. Самаурында қайнаған су мен одан ішкен шайдың татымы да ерекше. Суы жанға шипа болатындықтан, одан дәм татпайтын жан болмайды екен. Тіпті ішіңізден тілек ойлап, оның сыртына қолыңызды тигізсеңіз, ойлағаныңыз орындалатын көрінеді. Соңғы рет I Николайдың өзі одан дәм татып, өз қолымен мөр басып кеткен деседі.

Мұндай алып самаурынның Тасыбаевтар отбасында тұрғанына жарты ғасырдан астам уақыт болыпты. Ыдыс шүмегінің жоғары жағында «Поставщик Двора Его Величества Шаха Персидскаго. Товарищество Торговаго Дома Бр. Шемариных въ Тулъ» деген жазу бар.
Құнды жәдігер түсті металдардан құйылған. Яғни, күміспен күптеліп, қоламен әрленіп, жезбен көмкерілген. Алып ыдысты арнайы келіп көрген өлкетанушылар оның осы күнге дейін аман сақталғанына қайран қалды. Таңданып қана қоймай, қазіргі құнын да шамалап айтып берді.
Гүлнұр Қожахметова, Қалалық өлкетану музейінің маманы:
– Бұл – коллекционерлер үшін де, мұражай үшін де құнды әрі таптырмас жәдігер. Тіпті бізге, экспонатқа қойылса деген арман-тілегіміз бар. Менің ойымша, оның қазіргі құны шамамен 1000-1500 доллар. Мен осылай бағалар едім.

Орынтай Асқарқызы, самаурынның иесі:
– Бұған баға жоқ. Бағаламаймыз. Бір сөзбен кесіп айтсам, баға жетпейтін құнды жәдігер. Өйткені бұл – әке-шешемізден қалған мұра. Ешқайда шығармаймыз. Ешкімге бере алмаймыз. Бұл – осы үйдің құт-берекесі. Әкеміз Тасыбаев Асқар мен анамыз Шәкен Көкпекті ауданының Байбура өңірінде тұрған екен. Анамыз сол жақта дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Мен туған жылы (1958 жыл) анам осы жерден өткен орыстардан сатып алған екен. Самаурын содан бері біздің үйде. Бала кезімізде мұның осынша құнды дүние екенін білмеппіз. Бұрын мұны той-томалаққа, хатімге сұрағандардың бәріне беретінбіз. Қазір ешкімге бермейтін болдық. Біреудің дүниесін біреу күтіп ұстай ма, кей жерлерін майыстырып та тастапты. Бүгінде тек Тасыбаевтар отбасындағы қызық-қуанышқа ғана пайдаланамыз.

Екі ғасырлық тарихы бар ыдыс әлемді шарлап, түрлі көрмелерде тоғыз медальді (алтын, күміс, қола) иеленіпті. Алғаш рет 1894 жылы – күміс, соңғы рет, осыдан 100 жыл бұрын I Николайдың алтын медалімен марапатталған. Осы жерде самаурынның алғашқы медальді жеңіп алғанынан бері де бір ғасыр, 16 жыл өткенін айта кеткен жөн.
Бүгінде алып самаурын Тасыбаевтар отбасының кенжесі, қара шаңырақ иесі Қайраттың үйінде тұр. Ол – самаурынды иеленіп отырған үшінші ұрпақ. «Біз үшін ол – ата-анамыздың көзі, олардың қолының табы қалған қасиетті мүлік, оған баға жетпейді. Біз оны ешқандай ақшаға айырбастамақ емеспіз», – дейді Қайрат.
Шынында да, екі бірдей алтын, екі күміс, бес қола медальді иеленген самаурынның аса құнды дүние екендігі даусыз. Орыс қолөнерінің ерекше үлгісі ретінде дәріптеліп, Францияда көрмеге қойылған, 1904 жылы Николай патшаның өзі алтын медальға лайық көрген бұл ыдыстың осыған дейін он жыл қатарынан көрмеге қойылып, осы уақыт ішінде тоғыз медальді иеленгеніне қарағанда, мұның сол кездегі ең үлкен самаурынның бірі де бірегейі болғаны анық. Ал шежірелі шалдар жағы Тасыбаевтар әулетіне бұл антиквариатты көпестер ақшамен қайнатып, дәулеттеріне мақтанып, сынға түскенін айтып кетіпті.
Қайрат Тасыбаев, самаурынды ұстап отырған отағасы:
– Қазір ағашпен тұтатып жүрміз ғой. Кезінде бұрынғы байлар, көпестер оның мұржасына ақша салған. Яғни, қағаз ақшамен тұтатқан. Тісқаққан байлар ақшаны буып, байлап салады екен. Ол сағаттап жанады. Ал төменгі санаттағы байлардың бумасы жұқа болғандықтан, ақша тез жанып кеткен. Сол кездің нағыз ауқатты, ақсүйектерін осылай анықтаған деседі. Тағы бір айта кететін жайт, Шемариндер фабрикасынан шыққан, Николай патшаның бір қола (1894 ж.), бір алтын медалін иеленген алып самаурында қайнаған шайдан Николай патшаның да дәм татқанына еш күмәнім жоқ. Самаурын осынысымен де ғажайып, құнды болып қалмақ.

Тасыбаевтар отбасы самаурынды «Асүй ыдысы ғана емес, дастарқанның сәні мен мақтанышы, бабаларымыздың асыл қазынасы» деп бағалап отыр. «Сондықтан оны сатып немесе сыйға тартудан аулақпыз. Егер халық көргісі келіп ниет білдірсе, белгілі бір уақытқа мұражай немесе көрмелерге шығаруға келісім береміз», – дейді.

Тарихқа үңілсек...
Самаурын Ресейде ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болыпты. Тула қаласы сол кезде нағыз «самаурын астанасы» атанған көрінеді. Тула қаласындағы ағайынды Шемариндер фабрикасы 1887 жылдан бастап жұмыс істей бастаса, екі жылдан соң бес ағайынды Шемариндер үлкен Сауда үйін ашады. Олардың фабрикасы – ұлы мәртебелі Парсы патшасының сарайына арнап, өнім өндірген бірден-бір кәсіпорын.
Ағайынды Шемариндер 1889 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеге қатысып, самаурындары үшін Үлкен күміс медальға лайық деп танылыпты. 1901 жылы Глазгода Құрмет грамотасымен марапатталған. ХХ ғасырдың басында фабрика өнім өндіру мүмкіндігі және жұмысшылар саны жағынан Туладағы В.Баташев мұрагерлерінен кейінгі екінші орынды иеленіпті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста