"Немересі сияқты": Бекболат Тілеуханның жас әйелімен түскен суреті желіні шулатты

"Немересі сияқты": Бекболат Тілеуханның жас әйелімен түскен суреті желіні шулатты

Соңғы уақытта экс-депутат Бекболат Тілеухан ел назарында. Депутаттық қызметін тастап, Стамбұлда тұрып жатқан Тілеуханның қызметі жұрт талқысына түссе, бұл жолы көпшіліктің көңілі оның жеке өміріне ауды. Әлеуметтік желіде экс-депутаттың жас әйелімен түскен суреті тарады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бекболат Тілеухан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның Түркияда дүркіретіп жасаған тойына қатысты. Ол думанды кешке жас жұбайымен бірге келді. 

Бұған дейін берген бір сұхбатында Тілеухан үш әйелінен 14 перзенті бар екенін ашық айтқан еді. 

"Ең бастысы, мен оларды сүйемін. Олар да мені жек көрмесе керек. Балалардың әкесімін ғой. Бірақ оларды тату-тәтті ұстаймын, олар қызғанбайды деген нәрсе болуы мүмкін емес", - деді Тілеухан. 
Ал Instagram-да тараған суреттерді жұрт қызу талқыға салды. 

"Бекболат ағаның әйелі басқа еді ғой, бір бағдарламада сұхбат бергенде қасында басқа әйел болған, орта жасқа келіп калган", "Оның 4 әйелі бар ғой", "Бекболаттың немересі сияқты ғой", "Өз әйелі, бәйбішесі әдемі еді ғой", "Бекболатты қойшы, әйелқұмар  жан, ашуыма тиеді. Елі үшін еңірер ер деп мақтан тұтатын едім. Барлық, байлық көзін басып кетті. Ертең бәленбей әйелден өрбіген ұрпаққа Құнанбайша тәрбие беріп, ұлдары тоқсан қатын ап, қыздары тоқсан байға тиер ме екен?" - деп сынады желі қолданушылары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста