Нәзік жырдың иесімен жүздесу

Жуырда ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Нәзікен Алпамысқызымен студент жастардың кездесу кеші болып өтті.

Нәзікен Ал­па­мысқызы – білім­нің қара ша­­ңырағы ҚазҰУ-дың мақ­тан тұтар тү­лек­терінің бірі. Экономика факультетін та­мам­даған бел­гі­лі ғалым әрі білікті ұстаз шы­ғар­ма­шылығы жырсүйер қауымға етене таныс. Ақынмен кездесуді жүргізген жур­налистика факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, про­фес­сор Өмірхан Әбдиманұлы: «Поэзияның құдіреті – шыншылдығында. Нәзікен Алпа­мысқызы жырларының құндылығы да сонда», – деп пікір білдірді. Терең фило­со­фия, өмір­таным иесінің «Күрделі дейді адамды», «Алма бақ», «Өрлеудің жолы мың тармақ», «Асылдар», «Шөлдеді көзім», «Ақын тағдыры – Мағжанға» т.б. өлеңдерін фи­ло­­логия және әдебиеттану, әлем тілдері фа­культетінің ақынжанды студенттері нақышына келтіре оқыды.
Ақынның жырларына нәзіктік пен сыр­шылдық тән. Өлең өлкесіне кештеу келсе де, талант иесінің жырлары жүректен шы­ғып жүректерге жетті. «Біз бала кезден ақын, жазушы сыйлаған азаматпыз. Олар­дың шығармаларын іздеп жүріп оқи­тын­быз. Мен Нәзікен Алпамысқызымен бір топта оқыдым. Оның бірінші ерекшелігі – талант­тылығында; екіншіден, еңбекқор; үшіншіден, жеке тұлға ретінде көрінетін», – деген белгілі ғалым, экономика ғылы­мы­ның докторы, профессор Сағындық Сатыбал­дыұлы студенттік жылдардың қызық­ты сәттерімен бөлісті.
Қазақстан Жазушылар одағының мү­шесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның иегері Нәзікен Алпамысқызының  «Шы­рағ­дан», «Күрең шетен» «Қарлығаш», «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр» атты жыр кітаптарын оқыр­ман жылы қабылдаған. Биыл «Жар­қырап аспанымда күн тұрғанда» деп ата­ла­тын жаңа жинағы жарық көрді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста