Наурыз көжені дайындау сол өңірде өсетін өсімдіктерге байланысты болуы мүмкін

Оңтүстікте наурыз көжені дайындаудың өзіндік ерекшеліктері қандай? Ол жөнінде белгілі этнограф ғалым, тарихшы, жазушы, Наурыз мейрамы туралы терең зерттеулер жүргізумен шұғылданып келе жатқан Әбдіһан Шілтерханов атамыздан сұраған едік:
– Негізі, жаңа жыл Наурыздан баста­лады. Қазіргі тойлап жүрген Жаңа жылымыз – қолдан құрастырылған, Рим императоры­ның бұйрығымен жасалған календарь. Ешқандай негізге сүйенбеген. Ал Наурыз – бұл қолдан жасалмаған, табиғаттың өзі берген мейрам. Яғни табиғат пен жер бетін­дегі тіршілік иелерінің байланысынан, бірлігінен туған. Бұл күні күн мен түн теңе­ле­ді. Өмір жаңарады. Ал осы мейрамның негізгі нышандарының бірі – наурыз көже. Наурыз көженің әр өңірдегі пісірілуінде кездесуі мүмкін өзгешеліктер сол өңірде өсетін өсімдік, дақылдарға тікелей қатысты болады. Мәселен, бізде бидай өседі, яғни бидай қосылады, арпа, тары да өседі, оларды да қосамыз, сосын сүр ет, айран секілді мал өнімдері қосылады. Жалпы алғанда, наурыз көженің дайындалуында аздап өзгеріс болғанымен, мақсаты – бір. Барлығы да адамның денсаулығына өте пайдалы. Семіздің жұқарып, арықтың үзілер шағында қосымша күш беретін дәру­мендерге өте бай тағам – бұл. Мәселен, сүр еттің үш жылдық, бір жылдық, жарты жылдық, үш айлық деген секілді түрлері болады. Атам қазақ мұны қазіргі суыққа қарсы қолданатын дәрі ретінде пайдаланған. Үйде біреу суық тиіп ауырса, сүр етті әбден қайнатып, сорпасын ішкізіп, емдеген.
Біздің бала кезімізде жақсы бір дәстүр болатын. Ол дәстүр бойынша дайын болған наурыз көжені ең алдымен құмырсқаның илеуіне салатын. Сосын барып адамдарға үлестірілетін. Бұл – өте жақсы дәстүр. Біріншіден, адамның табиғатпен байланы­сын күшейтуге, оны аялауға үйретсе, екін­шіден, кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге болары сөзсіз. Құмырсқа дегеніміз – адамның до­сы, ешкімге зияны жоқ, еңбекқор жәндік. Табиғаттағы осындай жәндіктер мен жан-жануарларды, өсімдіктерді аяулау, мәпелеу өзімізді мәпелеумен бірдей.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста