Нашақорлық жолындағы «Қасірет қақпаны»

Нашақорлық жолындағы «Қасірет қақпаны»

Шымкентте, Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма-театрында, Қасірет қақпанына түскен бозбала тағдыры туралы жазылған «Қасірет қақпаны» спектакліннің премьерасы болды. Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ерсін Қойбағарұлының трагедиялық бұл қойылымында ғасыр дерті - нашақорлықтың соңы қараңғы түнекке апаратыны көрініс тапқан.
Оқиға желісі бойынша, бір бозбала – мектеп белсендісі әрі білімге аса құш­тар­­лығымен көзге түседі. Спортты да жанын­дай жақсы көреді. Бірақ дәл осы жар­қын өмірін қарасора, яғни есірткі қараң­ғы қапасқа айналдырды. Алғашында жай ғана қызығушылық деп ойлағанымен, соңында нағыз нашақордың өзі болып шыға келеді. Бозбала рөлін сомдаған Сер­жан Құттыбаев осы трагедия арқылы есірт­кі­нің адамдарға әкелген қасіретін ұқтыруды көз­депті.
Сержан ҚҰТТЫБАЕВ, театр әртісі:
– Мен бұл рөл арқылы мынау отыр­ған көпшілікке талай сырды ұқтырдым деп ойлаймын. Себебі өрімдей ғана жас жігіттің өмірін күл-талқан еткен сол бір нашаның кері жолға апаратынын көп­шілікке жеткізуге тырыстық. Бар өне­рімді салып, есірткі қолданудың қан­дай жағ­дайға, қандай қасіретке әке­летінін де көрсеттік. Автордың ойын­дағы сезімді сезіндірдік деген ойда­мын. Әрине, егер біздің жас­тарға осы қойылым арқы­лы  қандай да бір берген жақсы тәрбие­міз болса, біз үшін бұл үлкен қуаныш дер едім. Сон­дықтан бұл «Қасірет қақпаны» бүгін­гі күннің үлкен сұранысына ие екені анық.

Сабырхан ШӘРІПХАНОВ, көрермен:
– Мұндай спектакльдер мен түсіндірме шаралар қазіргі қоғамға ауадай қажет. Се­бебі әлеуметтік жағ­дайдың өте жақсарып кетуіне байла­ныс­ты қоғамда түрлі азғын­дықтар бой көрсетуде. Мұның алдын алу, әрине, тәрбие ісінен басталады. Бүгінгі қо­йы­­лым – соның жанды дәлелі.

Елшібек ЖАНАЙ, көрермен:
– Бұндай спектакль дәл қазіргі қоғамға ауадай қажет. Себебі біздің достарымыз, мынау жастар, есірткінің етегінде кетіп, өмір­­л­ерін қор қылып жа­тыр. Жасырмай­мын, қазіргі заман­дас­тарымыз тіпті есірткі де­геннің не екенін білмей тұрып-ақ тұтына­ды. Білімсіздік­тің кесірінен өз өміріне өзі бал­та шабады. Бұны қоя тұрып, қарапайым ішім­дік пен темекінің құрамын жақсы біл­мейді ғой олар. Салдарынан өз денсау­лы­ғынан айырылып, өмірлік өкінішке тап бола­ды. Сондықтан осын­дай спектакльдер қатарын көбейту қа­жет деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста