«Мұзбалақ» Дәулеттің бейнесін аша алды ма?

Жақында Семейдің Абай атындағы драма театрында еліміз театрлары үшін тың саналатын спорт тақырыбында жаңа қойылым сахналанды.
«Мұзбалақ» деп аталатын поэтикалық қойы­лымға белгілі балуан, жерлесіміз Дәулет Тұрлыхановтың спорттық ғұмы­рының тарихы арқау етіп алынған. Поэма ав­торы ақын Айбек Сапышев болса, қою­шы режиссер – Бауыржан Төлеков. Сах­на шымылдығы жас Дәулеттің тү­сіне Ақтамберді, Қабанбайдай батыр ба­баларының аян беруімен ашылады және осы сәттен көптің тілегі болған баталы ұлдың өміріне үлкен өзгеріс енеді. Қойылым авторының мақсаты да сол – елінің ұлы тілегіне бар өмірін, жүрегін арнаған Дәулет арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Айбек САПЫШЕВ, қойылым авторы:
– Бұл поэма еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Негізгі мақ­сатымыз – даңқты балуан Дәулет ар­қы­лы ұрпақтың шымыр болып өсуіне, елін сүйіп өсуіне тәрбиелеу. Дені сау ұр­пақ – қазақ елінің ертеңі, қуат-жігері, на­мысы бар ұрпақ. Бұл шығарма ар­қылы Дәулеттің жүрген жолын, жеткен же­ңісін, көрген әділетсіздігін көрсетуге ұмтылдық.

Қанат РАМАЗАНОВ, көрермен:
– Қойылымда Дәулет корей бал­уа­нымен жекпе-жекке шығады да, жеңіледі. Балуанды жақтап тұр­ған жас­тар: «Жарайсың, Дәулет! Қа­зақ­стан!» – деп айқайлайды. Екеуі бір-біріне қа­быспайтын, кереғар дү­ниелер. Өз басым көзі тірісінде бір адам­ның ғұ­мы­ры туралы қойылым қой­ғанды бірінші рет көрдім. Қазақта Мұс­тафа Өзтүрік, Бек­зат сынды қыр­шын кеткендер же­терлік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста