Қазақ өнерінің төрінде жүрген жігіттерден құралған «МузАрт» тобының «Жеңешем» атты жаңа бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаянға еліміздегі маңдайылды әзіл-сықақ театрларының актерлері түскен. Жүсіп пен Уәкең де, Данагүл мен Қаракөз де, Бақыт пен Лидия апамыз, Гүлбаушан да, Асылбек пен үш бірдей Нұржан да, Тұрсынбек пен Қанат, Берік пен Жанатбек, Ерболат (апа) мен Қадырбек ақсақал да осында. Қысқасы сахнадан халықты қыран-топан күлкіге қарқ қылып жүрген әртістердің бәрі «МузАрттың» клипіне түсіпті.
Жақында «Жеңешем» атты бейнебаян «Гакку» телеарнасынан көрсетілді. Көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын тамаша әннің авторлары белгілі ақын Қалқаман Сарин мен Арман Бексұлтан. Аналар мен нәзіажанды әйелдер мерекесі қарсаңында жарыққа шыққан «Жеңешем» атты ән қазақ тройларының «хит» әніне айналатынына күмән жоқ. Айтпақшы, бейнебаянды көрген адам түсінбей қалар, ән орындауда топтағы Мейрамбек, Сәкен, Кенжебектердің дауысы бір-бірімен ауысып кеткен. Біздің ойымызша, бұл әзіл әнге түсірілген бейнебаян болғандықтан әдейі қызық үшін осылай жасалса керек. «МузАрттың» жеңешелерге арналған әнін қабыл алыңыздар. Бейнебаянды тамашалаңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
GAKKU TV. youtube.com