Мұрын жырауға мұрын шүйіргеніміз қалай?

«Қырымның қырық батыры» секілді эпостық жырды бозбала күнінен ақ шашты қарияға айналып, ақ таяққа сүйенгенше таңды таңға ұрып, ұзақ жылдар бойына жырлаған әйгілі Мұрын жыраудың биыл — 150 жылдық мерейтойы. Бірақ бір өкініштісі, Бұқара мен Хиуаның, Әмудария мен Сырдарияның арасы, Каспий мен Қара теңіз жағасын мекендеген халықтардың аузынан талай құнды дүниелерді жазып алып, бүгінгі ұрпаққа жеткізген жырау әлі күнге тарихтан лайықты орнын ала алмай келеді.

Осы аптаның сәрсенбісі күні Мәжілістің жалпы отырысында депу­тат Гүлнәр Сейітмағамбетова ҚР Мә­дениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Мәдени мұра» мемле­кеттік бағдарламасы аясында Мұрын жыраудың 150 жылдығына орай бірқатар шаралар атқару қажеттігі жөнінде мәселе көтерді. Мұрын жы­рау жайлы мұрнына иісі де бар­майтындарға алдымен оның кім болғанын білдіретін деректі фильм түсіру керектігін алға тартқан депутат жыраудың өмірі мен өнер жолының ізімен ғылыми-зерттеу экс­пе­ди­циясын ұйымдастырып, «Қырым­ның қырық батыры» жырын түр­лі тілдерге аударып, элек­тронды нұсқасын басып шығарсақ деген нақты ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар «Мұрын жырау­дың 150 жылдығына орай бүкіл түркі тілдес халықтардың ғалым­дары мен зерттеушілерін шақыра отырып, ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренция Әдебиет институтының ық­па­лымен өткізілсе, Білім жә­не ғылым министрлігі Мұрын жырау­дың туындыларын үздіксіз білім беру жүйесінің барлық саты­сын­дағы мекемелердің, тиісті оқу орда­ларының оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін қарастырса» де­ген халық қалаулысы Гүлнәр Сейітмағам­бетованың ұсынысын 15 әріптесі қуаттап, қолдарын қойды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста