Мұқағали мұрасына бойлау

Мұқағали мұрасына бойлау

Бүгінде «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып» өзіне қайтарған отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналғаны шындық. Десек те, ақын мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа кеңінен наихаттап отыру – борышымыз. Осы орайда 9 ақпан – ақынның туған күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде бірқатар әдеби-мәдени шаралар өткізу жоспарланған.

Оқушылар сарайында
Алдағы 29-31 қаңтар күндері аралы­ғын­да  Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Соғады жүрек» атты  Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер­ден және ақын шығармаларын оқудан  республикалық байқау өтеді.
Шараның мақсаты – ақиық ақынның жыр-әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып, ән өнерін дамыту, жас та­лант иелерін іздеп, жастар арасында әншілік өнердің кәсіби деңгейіне көтерілуі­не жол ашу. Композиторлардың халқымыз­дың асыл қазынасына айналған әндерін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа насихаттап, өнерсүйер қауымға кеңінен таныстыру.
Бұл шығармашылық байқау – эстра­далық вокал, дәстүрлі ән, көркемсөз сияқ­ты үш жанрды қамтып, екі кезең бойынша өткізіледі. Онда трио, квартет т.б. әнші топтар өнер көрсетуге мүмкіндік алмақ. Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі орындаушылар қатыса алады. Әр жанр бо­йынша әр кезеңде ақынның сөзіне жа­зылған жанды дауыста екі ән орындалады, екі өлең оқылады. 
Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы талапкерлердің орындау­шылық шеберлігін, әннің байқау тақыры­бына сәйкестігін, музыкалық өңделу дең­ге­йін, сахна мәдениеті мен киім үлгісін, дауыс ырғағы, кеңдігі, дауыс мәнерін ес­ке­реді. Қазылар  алқасының құрамы бел­гілі өнер қайраткерлері, композитор, ақын, әнші, білікті педагог мамандардан жасақталған.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады. Мәдени шараны ұйымдастырушы – М.Мақатаев атындағы Халықаралық қоғамдық қор және «Ғұмырдария» орталығы. Жас таланттардың өнерлерін тамашалағысы келетін көрермен қауымға есік ашық.
Республика сарайында
9 ақпан күні сағат 19:00-де Алматы­дағы Республика сарайында «Соғады жүрек»  деген атпен Мұқағали ақынның сөзіне жазылған ән-жыр кеші өтеді.  Концертке Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары қатысады. Бағдарламада  ақын өмірінен сыр шертетін сурет пен кітап көрмесі, бейнекөріністер, театрланды­рылған шағын қойылымдар ұсынылып, жаңа әндердің тұсауы кесілмек.
Билеттер Республика сарайы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен Орта­лық әмбебап дүкені кассаларында саты­лады. Қосымша ақпарат алу үшін 8(121)291592 нөміріне хабарласуға болады. Мұқағали шығармашылығына арналған концерттік бағдарламаны  М.Мақатаев атындағы Халықаралық қоғамдық қор мен «Еламан» продюсерлік орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста