Мөлтек мәліметтер

Мөлтек мәліметтер

Анкарада Дина саябағы ашылды
Түркия астанасы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Этимесут әкімшілігінің ұйытқы болуымен қазақтың халық композиторы, белгілі күйші Дина Нұрпейісова атындағы саябақ ашылды.
Дина Нұрпейісова саябағы Анкара қа­­ласының Сүвари ауданы, Ахи Месут буль­варының 21-даңғылында орналасқан. Осы­ған орай Анкара көркемөнер мұража­йын­да түркі мәдениетін ұлықтап жүрген ха­лық­аралық ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығына байланысты Қазақ академиялық халық аспаптары ор­кестрінің концерттік бағдарламасын ұсынды.
Бұл шаралар халқымыздың аса көрнекті күйші-сазгері Д.Нұрпейісованың 150 жыл­дық мерейтойына негізделген. Мерейтой бағдарламасы аясында еліміздің халық аспаптары оркестрі Мерсин, Хатай, Газиан­теп, Анкара, Ыстамбұл қалаларында Түр­кия­ның өнерсүйер қауымын ұлтымыздың музыкалық шығармаларымен сусындатты. Алдағы уақытта елордамыз Астананың тө­рінде күй анасы Динаның сәулетті ескерт­кіші бой көтермек.


«Ер Тарғын» – сандық форматта
«Жәдігер» дәстүрлі өнер клубы» қоғамдық қоры еліміздің Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Ер Тарғын» жырын сандық форматта жарыққа шығарды.
Жоба авторы – белгілі әнші-термеші Ақан Әбдуәлі. Ұзақтығы 1,5 сағаттан асатын бұл жырды Ақанның өзі, Гүлмарс Аманбаева, Ерболат Шалдыбеков, Рысбек Әшімов, Амандық Көмеков, Аманқос Садықов пен Баян Мұсаевалар орындаған. Шоқан Уәлиханов «қазақтың алтын ғасыры» деп бағалаған ноғайлы дәуірін бейнелейтін «Ер Тарғын» жырының біздің заманымызға сегіз түрлі нұсқасы жеткен. Олардың ішінде ең толық және көркем нұсқасы – Марабай ақын жырлаған үлгі. Оны Н.Ильминский жазып алып, 1862 жылы Қазанда жеке кітап етіп бастырып шыққан болатын. Бұл аудиоантология – «жәдігерліктердің» жүзеге асырған үшінші жобасы. Осының алдында аталған қор «Алпамыс батыр» мен «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанын қайта жаңғыртқан болатын.


Фарабитанушыға құрмет
Кеше Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясат­та­ну факультетінде «Жастар. Руханилық. Интеллектуалдық ұлт» деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Ғылыми басқосу философия ғылымы­ның докторы, профессор Ағын Қасым­жанов­тың 80 жылдығына орайласты­рыл­ған. «Қасымжанов оқулары» аясында ұйым­дастырылып отырған шараға АҚШ, Египет, Қырғызстан, Қытай, Ресей мемле­кет­­терінен қонақтар шақырылды.
Қазақстандағы әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқыларының бірі саналатын Ағын Хайруллаұлының (1931-2000 жж.) жетекшілігімен Кеңес Одағы ке­зінде әл-Фарабидің философиялық, әлеу­меттік-этикалық, логикалық трактат­тары алғаш рет қазақ және орыс тіл­дерінде жарық көріп, ғылыми айналымға енген.


Сахнада – «Ұлбике»
Кеше Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында Ұлттық дәстүрлер театрының жаңа маусымының ашылуына орай «Ұлбике» музыкалық-драмалық қойылымы болды.
Орталық жетекшісі, белгілі ғалым Мыр­затай Жолдасбеков пен ақын Несіпбек Айтұлының қаламынан туған «Ұлбике» қойылымы XIX ғасырда Сыр бойында өмір кешкен айтыс ақыны, әнші, домбырашы Ұлбике Жанкелдіқызының қайғылы тағды­ры туралы сыр шертеді. Ұлбике рөлін Кенен Әзірбаев атындағы байқаудың лауреаты, талантты әртіс Жазгүл Даңылбаева сом­дады. 12 жасынан шаршы топқа түскен Ұлбике Ізтілеу, Серәліқожа, Майлықожа, Мәделіқожа, Таспа ақындармен айтысқан. Ақынның Күдеріқожамен айтысын кезінде зерттеуші В.Радлов жазып алып, кейіннен орыс, неміс тілдеріне аударып жарияла­ған.


«Қазтест» қазақшаңды тексереді
Кеше «Мемлекеттік тілді дамыту» президенттік қорының қолдауымен Астана политехникалық колледжінде «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жаңаша үлгідегі тіл байқауы басталды.
Жобаның басты мақсаты – студент жастардың мемлекеттік тілді үйренуіне ықпал ету және оларды ынталандыру. Осылайша «Қазтест» жүйесі арқылы байқауға қатысушы оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейі анықталмақ. Олар тіл үйренуге берілген екі ай ішінде ауызекі қазақ тілін үйреніп шығуы керек. Ал екі айдан соң «Қазтест» жүйесі және қазақ тілінде жеке әңгімелесу арқылы тіл үйренушілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергені бағаланып, байқау жеңімпаздары анықталатын болады. Қазақша тіл сындырып, еркін сөйлей алатын жүлдегерлерге қордың арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтары табыс етілмек. Аталған байқау еліміздің өзге де оқу орындарында жалғасын таппақ.


«Көліктер-2» таспаға басылды
Алдағы қараша айынан бастап атақты «Уолт Диснейдің» анимациялық өнімі – «Көліктер-2» мультфильмі сапалы түрдегі DVD және Blu-Ray форматтарында жарыққа шығады.
Бұған дейін аталған мультфильм тек кинотеатрларда ғана көрсетіліп, халық арасына пираттық таспа өнімдері тарап кеткен болатын. Осыған орай 22 қазан күні Алматыдағы «Мега» сауда ойын-сауық орталығында арнайы шоу-шара ұйымдас­ты­рылады. Қаперге сала кетсек, биылғы жылдың маусымында «Уолт Дисней» ком­па­ниясының қазақ тіліндегі алғашқы жобасы – «Көліктер-2» мультфильмі елі­міз­­дің 40-тан астам кинотеатрында бір күн­де көрсетілген болатын. Осылайша қа­зақ тілі әйгілі компания өнімін ресми дуб­ляж­дауға мүмкіндік алған санаулы тіл­дердің қатарына қосылды.


Кюриге ескерткіш қойылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің холына әлем әйелдерінің ішінде ең үздік ғалым болып мойындалған поляк қызы Мария Кюриге ескерткіш ашылды.
Сондай-ақ факультеттің зертханасы мен аудиториясына Кюридің есімі берілді. Ал­дағы уақытта зертхана базасында бірік­кен ғылыми жобалар іске асырылатын бо­лады және тәжірибе алмасу мақсатында біз­дің елдің ғалымдары мен студенттері Поль­шада біліктіліктерін арттырады, ал Поль­ша ғалымдары бізде дәрістер оқитын бола­ды. Мария Кюридің Нобель сыйлығын ал­ғанына 100 жыл толуына орай өткізілген ша­ра барысында Поляк химия қоғамының пре­зиденті, профессор Богуслав Бушевский ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.Мұтановқа, Алма­ты­дағы Польша мемлекетінің бас консулы В.Осу­ховский мен Алматы қаласы әкімінің орын­басары С.Сейдумановқа «Мария Кюри» медалін табыстады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста